«Ақжайықтың» жұрты электр қуатын әр киловаты үшін 35-40 теңге төлейді

Ақжайықтағы осы көшенің осылайша қиналып келе жатқанына 7 жылға аяқ басты
Ақжайықтағы осы көшенің осылайша қиналып келе жатқанына 7 жылға аяқ басты
Ақжайықтағы осы көшенің осылайша қиналып келе жатқанына 7 жылға аяқ басты

Шенеуніктер қызметінен кетсін. Бұрынғы «Қайтпас-2» қазіргі «Ақжайық» шағынауданының тұрғындары билікке осылай шағым айтады. Өйткені, елдімекендегі Әшір Еділбаев көшесіндегі жұртқа ешкім назар аудармай қойыпты. Жекенің құзырынан жарық алатын халық электр қуатының әр киловаты үшін 40 теңге төлейміз деп азар да безер.

«Ақжайықтағы» Әшір Еділбаев көшесінің ұмыт қалғанына биыл 7-ші жыл. Бұрынғы «Қайтпас-2»-нің осы бір көшесіндегі 300 отбасы мемлекеттің жарығына жарымай-ақ қойды. Әйтпесе, шағынауданның басқа көшелеріне үздіксіз жарық жеткен. Қып-қызыл шығынға батқан көшенің тұрғындары өздерін енді аралда қалғандай сезініп жүр.

Тұрғынның айтып отырғаны мына үй. Тоқтың қысқа тұйықталуына ұшырап, күлі көкке ұшқан осы баспананы көрген сайын жұрт жекенің жарығынан қуат алуға қорқып қалған. Ал электр бағандарының сиқын өзіңіз көріп тұрсыз. Мәселені Абай аудандық әкімдігі беске біледі дейді халық.

Тұрғын үй коммуналдық бөлімінің мәліметінше Ақжайықтағы 2600 отбасының 1200-нде қазір мемлекеттік электр қуаты бар. Ал қалған 1400 абонентке қазір жобалық сметалық құжат жасалып жатыр-мыс. Ал Әшір Еділбаев көшесі болса, осы екінші кезеңнің жұмысына кіретін болып шықты.

Тобықтай түйін, 2014-2015 жылы ғана Ақжайықтықтар жарықтың жырынан құтылады дейді. Оған дейін тарифті көтермеңіздер деген үгіт-насихат жұмысын жүргізгеннен басқаға пәрменділердің құзіреті жетпейтін болып шықты. Ал бұған Әшір Еділбаев көшесі тұрғындары өз айтары бар.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=m0US7ImWbig[/youtube]