Шымкентте 3 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды

446

Шымкентте «Солтүстік Саяжай», «Достық», «Нұршуақ», «Солтүстік Батыс» шағын аудандарында 3 мыңнан астам абонент электр жарығынсыз қалды. Оған апатты  жағдайлар себеп болған.

Арнайы бригада ақауды қалпына келтіру бойынша тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда 2700 абонентке электр жарығы берілді. Қалған 300 абонентті жарыққа қайта қосу жұмыстары жалғасуда.

(Фото: ашық дереккөз)