Егіздердің анасы көмек сұрайды

440
Ақбөпе егіз ұлына көмек сұрайды
Ақбөпе егіз ұлына көмек сұрайды
Ақбөпе егіз ұлына көмек сұрайды

Мен Ақбөпе Ережепова 2010 жылдың ақпанында айым-күнім жетпей дүниеге егіз баланы алып келдім. Шала туылған нәрестелердің салмағы небәрі 2,5 келі еді. Егіз ұлдарымның жағдайы 2 айлығында АКДС-пен полиомиелитке қарсы егпе салғаннан кейін күрт өзгерді. Балалар бастарын өздігінен ұстай алмай, күні-түні жылай беретін болды. Тіпті жылағаннан ауыздарының жан-жағы көгеріп кететін. Не істерімізді білмедік. Ешкім нақты диагноз қоймады.

Балаларым 8 айлық болғанда бізді облыстық балалар ауруханасына жатқызды. Ол жерде мен көптеген ұлдарыммен тағдырлары бір балаларды көрдім, олардың аналарымен таныстым. Қалайда ботақандарымды аяқтарына тұрғызамын деген алдыма мақсат қойдым.

Сонымен не керек, нақты диагнозды Алматы қаласының дәрігерлері қойды. Балаларым церебралды сал дертіне ұшырады. Оларды бұл дерттен айықтыру үшіна барлық мүмкіндігімізді пайдаладық та. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Барлығы қаржыға келіп тірелетіні белгілі ғой. Қазір отбасымызда жолдасым ғана жұмыс жасайды.

Ғаламтор арқылы ізденістерім Америкалық профессор Глен Доманның «Егер баланыздың миы зақымданса не істеу керек?» деген еңбегіне тірелді. Кітапты алып оқыдым. 2012 жылдың мамыр айында Бажено Бейнардың лекциясына қатысуға мүмкіндік алдым. Ол неврологиялық арнайы бағдарламаның бағытымен жұмыс жасайды. Бұл бағдарламамен ол бүкіл әлем таныс екен.

Ерали мен Нұрали ақпанның 3-не үш жасқа толады
Ерали мен Нұрали ақпанның 3-не үш жасқа толады

Бұл лекцияға 5 күн қатысып мен Ерали мен Нұралиге өзге күтім жасай бастадым. Айтып отырған профессорымыз бізге арнайы схемамен сабақ түзіп берді. Сол бағдарламаның көмегімен бетіміз бері қарап келеді. Барлық жаттығулар үйде жасалынады. Енді әр алты сайын бізге бұл бағдарламаны жаңартып отыру керек.  Сол жаттығуымызды жалғастырсақ деймін. Осы сайтқа жазып отырғаным да содан.

Наурыз айының 25 мен 29 күндері Мәскеу қаласында өтетін сабаққа барсам деймін.  Сіздердің көмектеріңізді күтеміз.

БТА Банк
номер карточки: 6764 1415 1024 3640
AKBOPE EREZHEPOVA

Казкоммерц Банк
номер карточки: 4405 6452 1959 4780
AKBOPE EREZHEPOVA

Ата-аналарымен байланыс телефондары: 8 701 962 73 31
үй телефоны: 33-04-65