Мұқтаж отбасына көмектескісі келетіндер көбеюде

313
Көмекке мұқтаж отбасы

«Отырар-TV» телеарнасының көрермендеріне алғысымыз шексіз! Көмекке мұқтаж Елеуовтар отбасына  қолдау көрсетуге ниетті азаматтар мен отбасылар сал ауруына шалдыққан балалары мен ата-аналарының жағдайына бей-жәй қарамай, үздіксіз хабарласып жатыр.

Көмекке мұқтаж отбасыТілшілерден сол отбасының мекенжайын сұрап, өздері барып, қол ұшын беріп жатқандар да баршылық. Қоңырау шалған жерлестеріміз бұл отбасында үш бірдей баланың науқастанғанына алаңдаулы. Қолымыздан келген көмекті аямаймыз дейді олар.

Балалардың анасы Малика қолдау көрсеткен барша азаматтарға алғысын айтуда. Қазіргі таңда отбасының туыстары баспана іздестіріп жатыр.

Өйткені телеарна мен ақпараттық сайтымыздан материалды оқыған алматылық тұрғын отбасына үй алуға қаржы беремін деп уәде етті. Көптеген жергілікті мекемелердің ұжымдары да шет қалып отырған жоқ. Олар да дәрі дәрмек, азық-түлік, киім алуға қаржы жинауда.

Шынар Оразова