Өткен аптаның соңында сіркіреп жауған жауынның салдарынан Жаңашек каналының жағалауындағы 10 шақты үйді су басты. Сол келеңсіздіктің орын алуына септігін тигізіп каналды бөгеп салынған құрылыстар бүгін бұзылды. Мамандар қаладағы Жаңашек және Шымкент каналдарының үстіне салынған барлық құрылыстарды зеріктеп құжаттарын сотқа тапсырмақ.
Елшібеков көшесінің бойындағы мына екі қабатты әсем ғимараттың егесі Жаңашек каналының 40 метрге жуық жерін заңсыз иемденіп, канал үстіне құрылыс салған. Жабық жерге кептелген қоқыс судың өтуін қиындатып жауын-шашында деңгейі көтерілген су осы маңдағы үйлерге кірді. Жасыратындығы жоқ шахардағы Шымкент және Жаңашек каналдарының бойында тап осындай құрылыстар аз емес. Қорғалу аймақа жататын екі каналдағы құрылыстарды құртуға бұған дейінге әкімдер де әрекет етіп көрген. Тек одан нәтиже шықпады. Келеңсіздік көбейді. Енді күреске білек сыбана Қайрат Молдасеиітов кірісті.
Әзірге «ЛТД тұрмыс» ЖШС-нің мамандары каналдағы қоқыстарды тазартып, су басудың алдын-алуға әрекеттеніп жатыр. Ал оның қаншалықты сәтті болары белгісіз. Алда көктем, жауын-шашын молаятын мезгіл. Канал үстіндегі қаптаған құрылыстарды қысқа уақытта қирату да қиын.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=-_6QmwJWOcw[/youtube]