Шардара ауданында суару каналдары жөнделіп жатыр

57

Шардарада ПУИД-2 бағдарламасы аясында каналдарды бетонмен қаптау жұмысы жүргізіліп жатыр. Осыған орай аймақ басшысы мердігер мекеме «Тахал» және «Мелиоратор» өкілдерімен кездесті.

Сонымен қатар құрылыс барысында кеткен кемшіліктерді саралады. Жөндеуден өтіп жатқан каналдар Алатау батыр және Қызылқұм ауылдарында орналасқан. Айта кетейік, ауданда былтыр 20 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

Оған қоса жалпы құны 412,1 млн. теңгені құрайтын 5 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілді.