ОҚО-ның талантты суретшілерімен «Достық» еркін көрмесі өтті

410
ОҚО-ның суретшілері қатысуымен"Достық" еркін көрмесі өтті
Бұл - Оңтүстіктің  жас суретшілетілері салған туындылардың бірі
Бұл – Оңтүстіктің жас суретшілетілері салған туындылардың бірі

«Бәйшешек», «Табиғат сыры», «Сұлулық мәні», «Қыс ызғары», «Жолбарыс». Мұндай таңғажайып туындылар қаламыздағы «Достық» көрмесінен орын алды. Мәдени кешке суретшілер қылқаламының шеберлігін бағалайтын өнердің жанашырлары да шақырылған. Бір қызығы сол – суретшілер көрмеге кез келген сурет-еңбектерін ұсынуға мүмкіндік алыпты.

Айман Тельходжаева, ұйымдастырушы: «Бұл көрме мәдениет пен өнердің дамуына өзіндік үлесін қосады. Көпшілік қауым өнерді түсініп, бағалай алуы керек деп ойлаймын. Біздің көрмеміз күн сайын жаңа туындылармен толығып отырады. Бұл әрекет жас суретшінің де қиялына қанат бітіреді ғой. Сондықтан суретшілерге анандай я болмаса мынандай сурет салыңдар деп айтылған жоқ. Бұл көрменің ерекшелігі деп қабылдағанымыз жөн болар. Жан қалауы суреттері. Осынысымен де құнды».

Мұндай тамаша туындыларды тамашалауға келген көпшіліктің де қарасы қалың болды. Көз алмай қарап, тәнті болғанын жасырмай жүр. Ирина Дузгунбаева да табиғаттың тылсым сырларына тіл бітіре бейнелеген жас суретшілердің еңбектерін бағалады.

Ирина Дузгунбаева, көрме қонағы: «Суреттердің шынайы шыққаны соншалықты, ғашық болып жүргенімді жасырмаймын. Бәрі де тамаша! Біреуі керемет екен деп көз жазбай қарау мүмкін емес, себебі бәрі де ғажайып еңбектер! Алғашында танымал суретшілер салған деп ойладым. Бірақ Оңтүстік шеберлер-суретшілері  екен. Жан дүниесмен беріліп салғаны байқалады, әрине. Мейлі бұл қыстың сурет болса да, жылы шуағын шашып тұрғандай…»

Ал жас суретші Камалия Араббаева туындысының көрмеден орын алуы үшін аз еңбектенбепті.

22 жасар ару Камалия Араббаева көрмеден өзінің де суреттері табылғанына қуанышты
22 жасар ару Камалия Араббаева көрмеден өзінің де суреттері табылғанына қуанышты

«Түймедақ» пен «Көбелектер» картинасына – 2 ай көлемінде уақытын жұмсаған. Ару болашақ өмірін де өнерімен байланыстырып отыр. кішкентайынан сурет салуға құмартып өскен ол, бұл көрме болашағыма бағдаршам болады деп күтетінін де жасырмады.

Камалия Араббаева, жас суретші: «Мен осы көрмеде суретімнің ілініп тұрғанына өте қуаныштымын. Бар өнерімді салған суреттерімді көріп, ерекше сезіммен тұрмын қазір. 2 ай уақыт ішінде «Түймедақ» пен «Көбелектер» атты суретімді салып шықтым. Қою бояуларды пайдаландым, қанық әрі анық көрінуі үшін. Қиын болмағанмен, бар жанымды салғандықтан болар көрмеде тұрған суреттерім мен үшін үлкен маңызға ие».

Ұйымдастырушылар алдағын күндері түрлі жобадағы көрмелерәін ұсынуды жоспарлап тыр. Ал ең бастысы көрме 20 күн сайын жаңарып отырады. Айта өтейік, жастар бастамасымен ашылған көрмеге бұл күні 40-тан астам еңбек қойылған.