Прокурорлар қылмысты ашудың жаңа жобасын таныстырды

прокуратураЕнді тал түсте ұры-қары сөмкеңізді үптеп кетсе, 02-ге хабарласып абыржымаңыз. Өйткені, құқыққорғаушылар арыз түсірудің электронды нұсқасын шығарды. Және бұл сенімді әрі нәтижелі. pravstat.prokuror.kz,

servic.pravstat.kz сілтемелеріне кіру арқылы қажетті сұрақтарға жауап берсеңіз болғаны, арызыңыз орталық жүйеге тіркеліп, санаулы күндердің ішінде нәтижесін бермек. Әскери прокуратурада болып өткен жиында жаңа жобаның артықшылықтары мен ерекшеліктері түсіндірілді.

Әміржан САҒЫНАЕВ, Әскери басқарманың бастығы: «Айқын» жобасы азаматтардың құқыққорғаушыларға деген сенімін арттырады. Өйткені, мұндағы арыздар үнемі бақылауда болады. Өздеріңіз білесіздер, бірқатар мемлекеттік органдар кейбір арыздарға жіті мән бермей, ресми жауап береді. Бұл жобалар осындай олқылықтың алдын алуға жоспарланған».

«Шектеу», «Электронды талон», «Айқын» және «Бизнесі тірегі». Осындай төрт тармақтан тұратын жобалардың «Айқын» деп аталатын бөлігі қазіргі күні Қазақстан бойынша жүзеге асырылып жатыр. Ал «шектеу» жобасы Астана қаласында жүзеге асырылуда. Осы жоба бойынша бүгінге дейін 300 өтінім қабылданған. Прокурорлар қалған үш жоба жыл аяғына дейін Шымкентке де жетеді деп отыр.