Облысымыздан жол тарқан үш спортшының екеуі бір алтын бір күміс медальды қанжығаға байлады. Ғалымжан Қанаев бұл жолы 75 келі салмақтағылар арасында бағын сынға салған болатын. Нәтижесінде үш кездесу өткізіп оның үшеуінде де жеңіске жеткен.
Ғалымжан Қанаев, алтын медаль иегері: «Жарысқа барғанда қай спортшы болмасын алтын медальді ниет етеді. Мен де жеңіс үшін бар күшімді салдым. Үш жекпе-жек өткіздім. Үшеуінде де басым болдым. Сөйтіп, бірінші орыннан көріндім».
Қазақстан Парламентінің жүлдесіне арналған алғашқы жекпе-жек фестивалі Астанада өткен болатын. Спорттың он екі түренінен өтіп, 200-ден астам палуан арасынан ептілер анықталды. Кикбоксингтен үш жерлесіміз ғана бара алған, қаражат мәселесі шешілгенде медальдар қатары бұдан да көбее түсер еді дейді бапкер.
Ал Әлем чемпионы Бабур Артықбаев бүгінде Делиде жүлде үшін таласуда. Ересектер арасындағы республикалық дода сәуір айында шым қалада өтеді. Бүгінде жерлестеріміз сол жарыста кем дегенде бес медаль жеңіп алу үшін жаттығуларда тер төгуде.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=zPihPF6TrdA[/youtube]