Шымкенттік жастар жұмыссыздықпен күресудің жаңа жолын тапты

373
Қоғамдық бірлестіктер жұымыссыздықты жоюдың жолында жобаларын ұсынды

Жастардан құралған қоғамдық бірлестіктердің ұсыныс-жобалары көп. Арнайы ұйымдастырылған жиынға ЖОО-ның белсенділері мен қоғамдық бірлестіктер көшбасшылары қатысты. Мәселен, «ОҚО Жастар Мәслихаты», «Даму», «Нұр-Әлем», «Жас Отан жастар қанаты», «Шымкент қаласы студенттер Альянсы», «Shymkent innovation», «Қазақстан жастарының ақпараттық қызметі» ОҚОФ және тағы да басқа қоғамдық бірлестіктер. Жылдық жоспар түзуде ең алдымен жұмыссыздықты басты назарға алған олар кәсіпкерлікті дамытудағы арнайы жобаларымен таныстырды.

Айгүл Елібаева арбаға таңылған жастар да жұмыссыз қалмайды дейді
Айгүл Елібаева арбаға таңылған жастар да жұмыссыз қалмайды дейді

Айгүл Елібаева, “Даму” ҚБ төрайымы: «Бізде түрлі жобалар қолға алынып жатыр. Мәселен, өткен жылы 400 жас жас кәсіпкерлікті меңгеруі жолында оқыттық. Сонымен қоса оларға 3 миллион қайтарымсыз қаржы бөлінді. Енді биыл 7 миллион теңге бөлінеді деп жоспарланып отыр. Нақты сомасы белгісіз, бұл адам саны мен бизнес жоспардың сапасына байланысты  ОҚО кәсіпкерлік басқармасы шешеді.  Ал таңдап алынған жобалардың сапасы мен жоспарына баса назар аударылады. «Жас кәсіпкерлер» клубы ашылды. Өзінің бизнесін ашамын, дамытамын дейтін ОҚО-дағы үздік кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырамыз. Семинар-тренингтер ұйымдастырамыз. Кез келген кәсіпкерлікк қызыққан жас өз кәсібін бастауға мүмкіндігі бар.  Одан басқа бізде алматылық бір қордың қолдауымен 50 мүгедек жасқа (мүгедектер арбасында отырған) 50 компьютер әперіп, соларды Тараз, Шымкент, Қызылорда қаласында осы жобаны іске асырамыз. Скайп системасы арқылы өздері үйде отырып, ағылшын тілін, бизнесті, информатика, және психологиялық көмекті ала алады. Бұл да өте актуалды, өзекті жоба. Және бір мектепке бармайтын, үйде отыратын жаңа жоба болып отыр». 

Қоғамдық бірлестіктер бірлесе отырып, студенттердің жолақы мәселесін шешу жайын қарастырды. «Шымкент жастары» МКМ директоры Ерлан Айтбаев мәселенің мәні қоғамдық көліктер жекеменшікке өтуінде дейді.

Ерлан Айтбаев, «Шымкент жастары» МКМ директоры: «Біздің жігіттер зерттеді ғой мысалы, Шымкенттегі

Ерлан Айтбаев қоғамдық көліктердің сапасы сын көтермейді, жолақы мәселесіне жаңа  жоба ұсыну керек екенін айтты
Ерлан Айтбаев қоғамдық көліктердің сапасы сын көтермейді, жолақы мәселесіне жаңа жоба ұсыну керек екенін айтады

қоғамдық көліктердің көбісі жекеменшік. Сондықтан бұл жолақы мәселесі шешімін табы үшін жүйелі жоба ғана көмектесе алады деп ойлаймын. Мәселен, біздің студенттер үшін 50 теңге анау айтқан салмақ болмағанымен, «пересадка» арқылы да оқуына баратындар бар. сонда сабаққа бару үшін де 200 теңге жаратып, келерде соншама, тағы кітапхана деген сияқты қосымша қажеттіліктер тағы бар. Ал шын мәнісінде қоғамдық көліктердің санитарлық ахуал сын көтермейді ғой. Неге осы жағдайына қарамастан, жоғарғы жолақыны талап етеді? Міне осындай сауалдар көп… Сондықтан осы мәселені шешу жолдарын қарастырайық дегім келеді».

Бұл проблеманың шеті шығысымен, жиналған студенттер арызын айта жөнелді. Ал қоғамдық бірлестіктер белсенділері шешу жайын қарастырды.

Жанкерке Алақанова, студент: «Ия, маған  «Шымкент қаласы студенттер Альянсы» қоғамдық бірлесітігінң төрағасы айтқан ұсыныстар мен көтерген проблемалары ұнады. Себебі мен үшінде және замандастарым үшін жол жүру билетінің орны ерек. Студенттің жағдайы баршаға айтпай-ақ белгілі болар. Сондықтан осы мәселе шешімін тапса деп тілеймін. Қалай болғанда қоғамдық бірлестіктерден жақсы хабар күтетінімді жасырмаймын». 

Қуаныш Ахметов, студент: «Мен мұндағы ұсыныстар мен жобаларға толықтай қосыламын. Мысалы «Даму» қоғамдық бірлесітігі ұсынған мүмкіндігі шектеулі  жандарға жасайтын жағдайларына риза болдым. Бәріміз пендеміз ғой, мұндай жастар да қоғамның мүшесі. Сол себепті олардың да қоғам назарынан тыс қалмауы маңызды. Сонымен қоса жиында жастарға арналған түрлі жобалар бар. Тек оларды тиімді жолмен жүзеге асыру ғана қалды деген ойдамын».

Жол жүру билеті, баспана мәселесі, жұмыссыздық – бұл бүгінгі жастолқынның жаттанды жырына айналғаны қашан. Ендеше, қоғамдық бірлестіктер бұл проблемалардың шешімін табады деген үміт те жоқ емес.