Шымкентте 2 жарақат бөлімі жұмыс істейді

 

Шымкентте 2 жарақат бөлімі жұмыс істейді
Шымкентте 2 жарақат бөлімі жұмыс істейді

Екі күнде бір ғана №2 жарақат бөліміне 50 адам ауруханаға түрлі жарақаттармен түскен. Олардың басым бөлігі қолын сындырып, иығын шығарып алғандар екен. Осылайша қалалықтар жолдардың тазаланбауының зардабын тартып жатыр. Өткен жылы 800-ге жуық адам көктайғақ салдарынан құлап, жарақаттанған.

Үсен Даутов, жоғары дәрежелі дәрігер-травматолог: «Былай қарасаң күн жылы, жер қара болып көрінгенімен үй арасын барып көріңізші. Мұз, көктайғақ. Сондықтан қыста абай болыңыздар деуден жалықпаймыз. Осы үш күннің ішінде бір ғана біздің бөлімімізге 50 ге жуық науқас келді. Асықпаңыздар, жұмысқа 10-15 минут ертерек шығыңыз. Жолда жүргенде шағңымен жүргендей жүріңіз. Аяқты бүгіңкіреп. Автобустарға мінгенде де жақтауларды ұстап мініп түсіңіздер. Сонан соң сәнді 1 ай қыста қоя тұрыңыздар әйелдер қауымы. Кеше өкшесі биік аяқ киімімен бір бойжеткен аяғын сындырып түсті».

Жығылып жарақаттанғандар жаяу жүргіншілер жолына жауапты мекемелерге наразы. Сулы қарды қатырмай күреп, мұзды оюға болар еді,-дейді зардап шеккен жұртшылық. Қыс шілдесі әлі түспегенін ескерсек мұндай оқиғалар көбейетін секілді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=-Ij4tltfqWU[/youtube]