Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі академиясында Қазақстанның шекара қызметі директорының міндетін уақытша атқарған полковник Тұрғанбек Стамбековты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, полковник Тұрғанбек Стамбеков 25 желтоқсан күні Шымкент әуежайынан 20 шақырым жерде Қазақстанның ҰҚК Шекара қызметі ведомстволық ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көз жұмды.