13 шетел азаматы шекара бұзғаны үшін ұсталды

33
Фото: ҰҚК/gov.kz

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылғы қаңтарда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып: шекара кеңістігінде 2 776 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушылар ұсталды, соның ішінде: 13 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды;

19 шетел азаматымен шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді. Мемлекеттік шекара арқылы 881 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:
50 – есірткі заттарын, жалпы салмағы 3,3 кг;
25 – ату қаруы мен оқ дәрілер (15 дана ату және 1 451 дана суық қару, 101 дана оқ-дәрілер); 47 – діни әдебиет (1 757 дана); 281 – жалпы сомасы 9 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (37 600 литр);
408 – жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;
70 – жалпы сомасы 940 млн теңгеден астам валюта.
Каспий акваториясында 2 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ:
жалпы ұзындығы 900 м торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
3 дана (12 кг) бекіре тұқымдас балық;
2 дана итбалық.
Алды алынған залал сомасы 6 млн теңгені құрайды. Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеді.