Шымкентте шекарашылар күні атап өтілді

138

Бүгін қазақстандықтар шекарашылар күнін атап өтті. Тәуелсіз Қазақстанның қауіпсіздігіне жауапты шекара қызметкерлері 30 жылдан бері елдің тыныштығын күзетіп келеді.

Ілияс Бұқанов 8 жылдан бері шекарада қызмет етіп келеді. Ол осы уақыт аралығында неше түрлі жағдайға тап болдым дейді. Жақында ғана әріптестерімен бірге есірткімен айналысатын үлкен қылмыстық топты құрықтапты. Олар 35 келі есірткіні шекарадан өткізбек болған көрінеді.

Ілияс Бұқанов, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің офицері:
«Өткізу пунктінде паспорттық тексеруден кейін транспортты тексере бастадық. Күдік туындады. Ең алдымен біздің қызметтік ит белгі беріп, азаматқа жабыса бастады. Содан кейін транспорттың барлығын тексеріп, жалпы 63 палителенді пакет есірткі таптық. Сараптама бойынша оның героин екені анықталды».

Ел шекарасын қорғау қауіпті жұмыс екенін атап өткен командирлер қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

Бүгін қызметте ерекше көзге түскендер құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал ресми жиын соңы өнерпаздардың концертіне ұласты.

                                                                                             Мөлдір Ибадуллаева