Десе де бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру – зейнетақылық жинақтың мемлекет меншігіне өтуі деген сөз емес, зейнетақылық жинақ азаматтардың өз меншігінде қалады. Ал жинақ ұлттық банкте сақталады. Оны инвестициялық стратегияға сәйкес басқаратын болады. Кеңестің жеке құрамын ел Президенті бекітеді.
Қазіргі зейнетақы қорлары өз жұмыстарын инвестициялық қоржынды басқарушы немесе ерікті түрдегі жинақтаушы зейнетақы қорлары басқарушы ретінде жалғастыра алады. Осы іс-шараларды жүзеге асыру үшін ҚР 8 кодексі мен 22 заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі екен.