Көлік үшін адам өлтіргендер құрықталды

236
Бұл туралы7.02.2013 жылы ОҚО ІІД -де өткен брифингте айтылды
Бұл туралы7.02.2013 жылы ОҚО ІІД -де өткен брифингте айтылды

Өткен жылдың 16-желтоқсаны күні белгісіз біреулер 49 жастағы кәсіпкердің үйіне баса көктеп кіріп, оның қол-аяғын байлап өзінің көлігіне отырғызып алып кеткен болатын. Жолда қаныпезерлер жәбірленушінің денесіне 17 рет пышақ сұғып өлтіріп, Тассай ауылынан тастап кеткен.

Тепсе, темір үзетін жігіттер бұл қылмысқа мұқият дайындалған. Сол күні кәсіпкердің өз үйінде жалғыз екеніне дейін біліп алыпты.

Есіктің ашылғанын күткен күдіктілер үйге баса-көктеп кірген. Жабылып жүріп жәбірленушіні байлап тастайды. Содан кәсіпкерді өздері іздеп келген көлігіне салып, жолға шығып кеткен.

Құны 80 000 долларға бағаланған «Лэнд КРУЗЕР» көлігін тапсырыс берушіге тапсырған күдіктілер осы қызметтері үшін 15 мың доллар сыйақы алған. Оны 3-еуі 5 мыңнан қақ бөліп алады. Ал көліктің заңды иесін айуандықпен өлтіріп тастапты.

Арада ай өткен соң осы қанды қылмысқа қатысы бар төртінші адам тұтқындалды. Қазір күдіктілер тергеу абақтысында қамауда жатыр.