Шымкентте адам өлтіруге оқталған күдіктіге іздеу жарияланды

43
фото АиФ

Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші аудандық полиция басқармасымен 28.04.1994 жылы туған Тойшыбек Бағлан Нұрланұлына іздеу жарияланады. Бұрынғы мекенжайы – Шымкент қ. Самал-1 мөлтек ауданы, Еркіндік көшесі 34 үй.

Тойшыбек Бағлан Нұрланұлы 2021 жылы 24 қарашада сағат 20:00 шамасында Күншығыс мөлтек ауданы №3 үй жанында жергілікті азаматты бірнеше рет пышақтап, ауыр дене жарақатын салып, оқиға орнынан ізін суытқан. Аталған жайт, ҚР ҚК-нің 24- 99-бабы 1-бабы «кісі өлтіруге оқталу» бойынша тіркелді.
Алайда, ер адам тергеу мен соттан бой тасалап
тұрғылықты мекенжайынан көшіп кеткені анықталды. Бұған дейін, ( 2021 жылы) Тойшыбек Бағланға қатысты екі рет іздеу жарияланды, олардың бірі – халықаралық іздеу. Өкінішке орай, атқарылған жұмыстар өз нәтижесін бермеді.
Сондықтан, суретте көрсетілген ер адамды көрген білгендер болса, бірден полицияның «102» арнасына немесе ( 8-771-671-56-63 ) 57-27-42 , 51-22-01 , 57-27-60 , 57-01-02 ,
факс: 57-03-41 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз.