Жақсылықтың ерте-кеші жоқ. Ол азаматтық парыз. Дәл осы тақырыптағы тәлім-тәрбие төңірегінде кітапхана ұжымы сөз қозғады. Балалар кітапханасы мен қалалық мүгедектер қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен өткен іс-шара жарым жан балдырғандарыдың көңілін көтерді.
Жиырма жасар Жадыра мен оның анасы Бахыт Молдабекова үшін бұл іс-шараның алар орны ерекше. Жадыра туғанынан мүгедек. Оның анасы осыдан бірнеше жыл бұрын жарымжан балаларға мүлдем көңіл бөлінбегенін қынжыла айтады. Бірақ бүгініне тәубе етеді.
Бахыт Молдабекова, ата-ана: «Біздің балаларымыз үшін мұндай ортаның маңызы зор. Менің қызым ең бастысы жүре алады. Ал арбаға таңылғандарға жаным ашиды. Олар үшін барлық мәдени іс-шаралардың есігі жабық, жағдай жасалмаған. Біздің балалармен құрдастарының дос болуы қуантарлық жәйт».
Шетелде жарымжан жандарға деген көңіл ерекше. Ол жақта мүгедектерге қол ұшын беруді жастайынан үйретеді дейді ұйымдастырушылар. Өзгенің жат қылықтарын емес, осындай жақсылықтарын үйренетеін кез-келді дейді олар. Өйткені мұндай жағдайдан ешкімде қорғалмаған, ертең не боларн да білмейді.
Наталья Перевалова, кітапханашы: «Күтпеген сәтте, кез-келген күні оқыстан келген апат біз бен сіздің мүмкіндіктерімізді шектеуі ғажап емес. Сондықтан қоғамның әрбір мүшесіне құрметпен қараған жөн».
Жарымжандарға қол үшын созып, көмектесу қоғамның парызы. Жақсылық жасауға, кішіпейіл болуға жастайынан үйреткен абзал.
Вадим Торопов, қалалық мүгедекетер қоғамының төрағасы: «Мүгедектер қоғамнан алшақ болатын. Үйлерінен шықпайтын, сондықтан көп азаматтар жарымжандарды жоқ деп есептейтін. Шын мәнісінде олар бар. Оларға да көңіл керек».
Осындай игі істің бастамасы болған кітапхана ұжымына қоғамдық ұйымның төрағасы Вадим Торопов алғыс білдірді. Мүгедектерде қоғамның бір мүшесі екенін ұмытпаған кітапхананың бастамасын өзгелер қоштауы тиіс.