Жас оқырмандар балаларға арналған кітап күнін атап өтті

1337

Бүгін – халықаралық балаларға арналған кітап күні. Айтулы датаны Аркадий Гайдар атындағы қалалық балалар кітапханасының ұжымы айрықша атап өтті.

007

Кітапхананың кішкентай оқырмандары мерекелік шараға ерекше дайындалған. Бірі авторлардың еңбектерін жатқа оқыса, енді бірі «Ертегілер еліне» саяхат жасап, қойылымдарын ұсынды. Мерекелік ән-тарту жолдауды да ұмыт қалдырмады.

009

Айта кетейік, бүгінде балалар кітапхасының қоры 400 мың кітапқа таяды. Биылдың өзінде 3000-ға жуық кітаппен толыққан ұжымға жаңа электронды дыбысты еңбектер де жеткізіліп жатыр.

Ол құрал кітаптағы жазуды дыбыстап береді. Әсіресе, зағип жандар мен оқуды енді үйреніп жүргендерге таптырмас құрал. Балалар арасында үлкен сұранысқа ие болып отырған заманауи дүние әзірге мұнда 2 дана.