Жарымжан жандарға көтергіш басқыш көмекке келді

303

Шымкентте қоларбада отыратын мүгедектерге арналған көтергіш басқыш пайда болды.

Жарым жандарға арналған арнайы көтергіш басқышты қалалық мүгедектер қоғамына республикалық «Сәби» қайрымдылық қоры әперген. Бұл жаңалық өздігінен жұре алмайтын жандардың өмірін оңайлатпақ.

Көтерме басқыш мүгедек жандардың өз еркімен көп қабатты үйлердің басқыштарынан көтерілуіне септігін тигізеді. Бір қуатталған аккумуляторлық батарейка төрт-бес күнге жетеді екен.

«Бұл көтергіш Италияда жасалған»,-деп түсіндірді қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы Вадим Торопов. Ол қолданылуы жағынан өте оңай, қазір оның пайдалану жолдарын қызметкерлерімізге үйретіп бағудамыз. Басқыш көтергіш «инва-таксилердің» бірінде жүреді, яғни біздің жүргізушілер еш кедергісіз оларды алып шығып,  кез келген қабатқа қайта көтерілуіне оңай болады.  Негізі біз шынжыр табанды басқыш көтергiш аламыз деп ойлағанбыз. Ол бұдан да жеңілірек еді, бірақ оның да өз қиыншылықтары бар».

Біздің қолымыз жеткен дөңгелекті көтергіш басқыш та 130 килограмнан артық көтермейді. Десе де «Сәби» республикалық қайрымдылық қорының құны бір миллион теңге тұратын техниканы алып бергенін тәубе етеді, қоғам мүшелері. Бұл көтергіш басқыш, енді жарым жандарға қызмет етуге дайын.