Сарбаздың өліміне сүйіктісі себепкер емес

280
марқұм Саид Қалелов
марқұм Саид Қалелов
марқұм Саид Қалелов

Сарбаздың өліміне сүйіктісі себепкер емес! Шымкенттегі 65-06 әскери бөлімінде асылып мерт болған Саидтың Ақмола облысында қалған қызы Анар Ақышева есімді ару әскерилердің мәлімдемесін жоққа шығарып отыр. Айтуынша ол әскердегі жігітімен қаза боларынан бір күн бұрын телефонмен тілдесіпті.

Анар Ақышева, марқұм сарбаздың сүйіктісі: «Олай болуы мүмкін емес! Саид әскерден келгесін, екеуміз үйленеміз бе деп жүргенбіз. Оның ант қабылдауында да болдым. Көңіл күйінен бөтен ештеңе байқамадым. Ол өзіне қол салатын жігіт емес».

Құзырлы орган өкілдері бір айдың шамасында болған оқиғаның анығына жетеміз деп отыр. Айта кетейік, 12-ақпан күні 6506  ішкі әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаз өзіне-өзі қол жұмсаған болатын. Әскери басшылар жауынгерге қаруластарынан қысым көрсетілмеген десе, Саидтың ата-анасы оған сенбейді.

Ал қарулас достары Саидтың махаббат құрбаны емес екенін баса айтқан болатын. Барлығын тойға шақырамын деп жүрген достары кенеттен өз-өзіне қол жұмсағанына сенгілері келмейді.

Дамысбек Сырғалы, қатардағы жауынгер:»Азаматтық некедегі қызым бар дейтін. Сөйлесіп те тұратын. Борышымды өтеп болған соң, соған үйленемін, бәріңді тойға шақырамын дейтін. Қызымен ұрысып қалды деп ойламаймын».