Сарбаздар саны артты

382
Әскер қатары 400 сарбазбен толықты

Азаматтық борышын ақтаушылар қатары артып отыр. Шымкенттегі 65/05 әскери бөлімінде еліміздің түкпір-түкпірінен шақыртылған жастар ант қабылдады. 

Әскер қатары 400 сарбазбен толықты

Астаналық Ербол Болатұлы 40 күндік жас жауынгерлер оқу-жаттығу жиынынан өтіп, отан қорғаушылар сабына қосылды. Болашақта тәртіп сақшысы болуды армандаған 20 жастағы сарбаз, халқы қонақжай және жылы климатты өңірде азаматтық борышының атқарып жатқанын дән риза.

Ербол Бейсенбайев: «Маған Шымкент ұнайды. Мұндағы әскери борышым естен кетпес. Ең бастысы, мен өз алдымда өмір сүріп, Отан қорғауды үйренгім келеді».

65/06 әскери бөліміндегі салтанатты шараға саланың ардагерлері мен ел тыныштығын күзетуге қадам басқан жастардың ата-аналары қатысты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=xqohwbtTPCg[/youtube]

Сәуле Әжібенова, Қарағанды облысының тұрғыны: «Балаларымыз антына адал, сертіне берік болып, Қазақстанға адал қызмет етсе дейміз. Үйімізге аман-есен оралса дейміз!»

400 сарбаз еліміздің барлық облыстарынан жиналған. Олар жартысынан көбі болашақта тәртіп сақшысы қатарына қосылуды көздеп отыр. 1 жыл бойына азаматтық борышын өтейтін олар Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына да атсалысады.