Сарбаз өлімінің себебі анықталды

409
марқұм Саид Қалелов
марқұм Саид Қалелов
марқұм Саид Қалелов

Шымкенттегі сарбаз өлімінің себебі анықталды. Сарбаздың өз-өзіне қол салуына әскердегі әлімжеттіктің де әскери қызметтің де қатысы жоқ, сарбаз сәтсіз махаббаттың салдарынан өз-өзіне қол жұмсаған. Тергеу-тексеру шараларын жүргізген облыстық әскери прокурорлар осындай қорытындыға келді.

Бүгін әскери прокурорлар жауынгерлер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау фактісіне қатысты басқосу өткізді. Сала мамандары қым-қуыт жағдайларда әскер қатарындағыларға қолдау көрсететін психолог-мамандардың тапшылығын алға тартып отыр.

Салдарынан жауынгерлер өз-өздеріне қол жұмсау әрекеттеріне жиі баратынға ұқсайды. Жалпы, жыл басынан бері елімізде 6 сарбаздың өзіне-өзі қол жұмсаған дерегі тіркелген. Өкінішке орай, қайғылы жағдайлардың екеуі Шымкентте тіркелгені мәлім болып отыр.