Халықаралық аренада топ жарған кикбоксшы Арман Мәделхановты еске алуға арналған жарыс Шым қалада кезекті рет жалауын көтерді. Осымен тоғызыншы рет ұйымдастырылып отырған додаға қеліміздің он бір облысынан және көршілес Өзбекстаннан кикбоксшылар келген. Спортшылардың қатары 300-ден асады.
Жасөспірімдер арасындағы бұл турнир ел чемпионатына іріктеу. Дода барысында көзге түскен кикбоксшылар мамыр айында өтетін республикалық жарысқа дайындығын бастайды.
Жарыс үш күнге жалғасып, бапкерлер құрама командаларын жасақтап та алды. Бірінші нөмірлі спортшылар енді ел чемпионатының алтын медалі үшін таласады.