Созақтың саңлақтары озды

Тілшілерден жасақталған командалардың арасында «Оңтүстік Қазақстан», «Шымкент келбеті», «Созақ үні», «Жанубий Қозоғистон» газеті және «Қазақстан-Шымкент» телеарнасы бар

Шымқалада журналистер арасында доп додасы аяқталды. Бұған дейін тартысты турнир «Қазақ» газетінің 100 жылдық мерейтойына арналғанын жазғанбыз. «Болашақ» футбол кешенінде облыстың беделді алты командасының қарымына қанықтық. Тілшілерден жасақталған командалардың арасында «Оңтүстік Қазақстан», «Шымкент келбеті», «Созақ үні», «Жанубий Қозоғистон» газеті және «Қазақстан-Шымкент» телеарнасы бар. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі де бір команда қосқан екен. Қомақты сыйлық тағайындалған турнирде командалар аянып қалған жоқ. Соңында Теріскейден келген жігіттерге қарсылас шақ келмеді.

Олар Берік Уәли бастаған облыс әкімдігінің баспасөз өкілдерінен құралған команданы қапы қалдырды. Ал «Шымкент келбеті» командасы үздік үшінші орынға иелік етті. Бас жүлде 100 мың теңгені созақтықтар қанжығасына байласа, 70 мың теңге облыс әкімдігінің баспасөз қызметкерлеріне бұйырды. Ал 50 мың теңге «Шымкент келбеті» газетіне табысталды.

Тағабай ҚАСЫМ