Жалақы қарызын төлемей жүрген 24 мекеменің қара тізімі жарияланды

Мәселеге журналистер араласқан соң ғана айлық ақысы толық қайтарылды
Мәселеге журналистер араласқан соң ғана айлық ақысы толық қайтарылды
Мәселеге журналистер араласқан соң ғана азаматтың айлық ақысы толық қайтарылды

«Стройинвест», «Корпорация Қонай» және «ЮПМ өндірістік кооперативі». Біз айтқан осы мекелерге жұмысқа кірмеңіз. Себебі, отбасымды асыраймын деген табан ақы, маңдай теріңіз зая кетуі мүмкін. Облыстық еңбек инспекциясы жалақы қарызын төлемей жүрген 24 мекеменің қара тізімін жариялады. Олар өз жұмысшыларына өткен жыл бойынша 79 млн. теңге қарыз.

Табан ақы, маңдай терінің ақысын бұлдап, тамырын кесіп, өткен жылдың басты кейіпкері болған осы азамат еді. Тапқаны баққанына жетпегесін Конти корпорациясынан осылай жалақысын алуға мәжбүр болған. Өміріне балта шабушылардың қатары былтыр бұдан да көп болуы мүмкін еді. Араға еңбек инспекторлары араласып, мекемелерді жоспарлы және жоспарсыз тексермегенде. Мамандар 2012-де облыстағы жұмысберушілердің өз жұмысшыларына 227 млн. теңге берешек екенін анықтады. Сөйтіп, 147 млн. теңгені өндіріп беруге мұрындық болыпты.

Бастар Есқараев, облыстың бас еңбек инспекторы: «Оның жыл соңына қарап, 79 млн-ны қалып отыр. Жалпы мен мұны біздің облыста үлкен қарыз деп есептемеймін. Оның ішінде банкроттыққа ұшыраған мекемелер бар. «Стройинвест» те солай төленбеген. «Южполиметалдың» да ісі солай оңып тұрған жоқ».

Жалпы, жалақы қарызы жылдан жылға азайып келеді дейді мамандар. Мәселен, 2009 жылдан бері қарай көз жүгіртсек, ахуалдың оңалғанын байқайсыз.

ОҚО бойынша еңбекақы қарыздары мынадай:

Мәселен, 2009 жылы 113 мекеме өз жұмысшыларына 397 млн. теңге қарыз болса, соның 289 млн-ы төленген. Ал 2010 жылы 72 мекеме 361 млн. теңге өз еңбеккерлеріне берешек болған. Соның еңбек инспекторлары 300 млн.-ын төлетуге атсалыпты. 2011 жылы бұл сома аздап азаяды. ОҚО-дағы 78 мекеме 284 млн. теңге қарыз болып шыққан. Оның 253 млн.ы өтелген. Ал былтырғы мәлімет мынау. 227 млн. теңге қарыздың мамандар 147 млн.ын төлетіп отыр.

Десе де, соңғы кездері жиілеп кеткен еңбекақы дауларына тіпті құқыққорғаушылар да араласпасына болмаған.

Абзал Қыдырбай, Облыс прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары: «Тиісті жұмыстардың нәтижесінде 3 мыңнан аса заңбұзушылық анықталды. Оларды жою мақсатында 330 прокурорлық ықпал ету актілері енгізіліп, қарау нәтижесімен 110 тұлға тәртіптік, 150 тұлға әкімшілік және 43 азамат материалдық жауапкершілікке тартылды».

Осының нәтижесінде 5 мыңнан аса азаматтың құқығын қорғадық дейді прокурорлар. Енді олар жалақыға қарыз тағы да 12 кәсіпорындағы заңдылықты анықтау үстінде. Олардың өз жұмысшылары арасындағы қарызы 61 млн. теңгеден асады дейді құқыққорғаушылар.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=GzxSLitONtk[/youtube]