Úı ANONS Тоқаев өзінің бір күндік еңбек ақысын арыстықтарға көмек беру қорына аударды

Тоқаев өзінің бір күндік еңбек ақысын арыстықтарға көмек беру қорына аударды

Бұл туралы ақпаратпен Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің фейсбуктегі парақшасында бөлісті.

«Арыстағы төтенше жағдай қазақстандықтарды бей-жай қалдырмады. Ел басына түскен ауыртпашылықтан ешкім шет қалған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бір күндік еңбек ақысын жарылыстан зардап шеккендерге көмек беру қорына аударды. Президент Әкімшілігінің қызметкерлері Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл бастамасын қолдап, көмек беруге қосылды»,- деп жазды Берік Уәли.