Спорт төрешілерінің бір күндік еңбекақысы өсті

69

2023 жылдан бастап спорт төрешілерінің бір күндік еңбекақысы 62,5 пайызға өсті. Осылайша, бір күндік еңбекақы мөлшері 8 000 теңгеден 13 000 теңгеге дейін өсті. Айта кетейік, 2024 жылы спорт төрешілерінің еңбекақысы тағы 4000 теңгеге өсіп, 17 000 теңгені құрайтын болады.

«Сапалы және адал төрешілік мәселесі спортшыларды даярлау мен спорттық инфрақұрылымнан кем емес. Әрине, лайықты еңбекақысыз білікті төрешілер саны өте аз болады, сондықтан төрешілер мен спорт саласындағы басқа да мамандардың еңбекақысын көтеру жұмыстары жүріп жатыр», деді МСМ Спорт істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.