Құдық қазуды кәсіп еткен қарт

Түскі асымды ішіп, құдықтың түбіне түссем, үлкен мысық жатыр екен қозы жейтін. Сол құдықтың түбіне түсіп кетіпті. Сөйтсем, мысық маған айбат қылады. Қорыққанымнан төбеге шықтым. Күн суытып кеткен болатын. Жерде қар бар еді. Сосын егесі, көке қоя беріңіз, келесі жылы қазарсыз деді. Оған дейін мысыққа дәрі беріп, улаймын деді. Және онысын жасапты да. Келесі жылы көктемде құдықты қайта қазуға келсем, айбат шеккіш мысығым әлі тірі. Құдықтың түбінде 3-4 құрбақа бар екен. Соны жеп жан бағыпты. Маған айбат шегуін де қоймайды. Ал құдықтың егесі улап берген наннан бір қылы да түспеген (Бұл сұқбатты 20 метрлік құдықтың түбіне атамен бірге түскен операторым.Мейірбек Төлебай алды).

Ол мемлекеттің назары түспеген ауылдардың қамқоршысы. Оның күрегі тиген жерден су атқыламай қоймайды. Біз Әбдікерім атайды айтып отырмыз. Құдық қазуды өмірлік кәсіп еткен ол 27 жылдық тәжірибесінде қазған құдықтарының есебін өзі де білмейді.

Оның бар мақсаты – жерді ұңғып, тәтті су шығарып, халыққа болысу. Құдықшы атаны табу қиын. Өйткені оны облыстың түкпір-түкіпіріндегі ағайын қолды-аяққа тұрғызбай алып кетеді екен. Тіпті, шаһардағы көп тұрғындар да оған бір-бір құдық жасатып алған. Құдықшы атайды дер кезінде таптық. Қалада құдық қазып жүрген жерінен. Олай болса, 80 метр тереңдікке дейін жерді ұңғып кете беретін, қазған жерінен тіршілік нәрін шығармай қоймайтын азамат жайлы аз-кем әңгімелейік.

Міне, қарашаны тіршілік нәрімен қамтуға құлшынып тұратын осы кісі. Қимылына қарап, оны Пайғамбар жасына келген деп әсте ойламайсыз. Құдыққа осылай түседі де кетеді. Қысым қысып, ауа тарылса да, сүйікті ісінің киесі болар, ол ұзақ жылдық кәсібінен қол үзген емес.

Ауа жетпесе, арнайы құрылғымды іске қосамын. Кеңес дәуірінен қалған сорғым бар. Соны құдықтың төбесіне қойып қоямын дағы, шланганы пәске жіберем. Шланганың басына ауыр нәрсе байлап қоям. Төбеге ауа деймін. Төменге ауа жібереді. Сосын шлангамен 5-10 минут демалып тұрам. Сосын болды, өшір деймін. Өзіме келгесін, әрі қарай қаза түсем. Бір жерлер болады, адам демала алмай кетеді. Демала ала алмай қаламын. Сонда осы әдісім өте көп көмек береді.
Ауа жетпесе, арнайы құрылғымды іске қосамын. Кеңес дәуірінен қалған сорғым бар. Соны құдықтың төбесіне қойып қоямын дағы, шланганы пәске жіберем. Шланганың басына ауыр нәрсе байлап қоям. Төбеге ауа деймін. Төменге ауа жібереді. Сосын шлангамен 5-10 минут демалып тұрам. Сосын болды, өшір деймін. Өзіме келгесін, әрі қарай қаза түсем. Бір жерлер болады, адам демала алмай кетеді. Демала ала алмай қаламын. Сонда осы әдісім өте көп көмек береді.

Атай бұл сұқбатты жерден 20 метр тереңдікте берді бізге. Кезінде ол көлік айдап, шопыр болыпты. Етік те тіктім дейді. Бұл кәсіп оған үлкендерінен берілмеген. Өмір өзі үйреткен. Құдық қазғанына 27 жыл болыпты, осы уақыт ішінде Әбдікерім Оразбаевтың басынан не өтпеді десеңізші.

 

Түскі асымды ішіп, құдықтың түбіне түссем, үлкен мысық жатыр екен қозы жейтін. Сол құдықтың түбіне түсіп кетіпті. Сөйтсем, мысық маған айбат қылады.  Қорыққанымнан төбеге шықтым. Күн суытып кеткен болатын. Жерде қар бар еді. Сосын егесі, көке қоя беріңіз, келесі жылы қазарсыз деді. Оған дейін мысыққа дәрі беріп, улаймын деді. Және онысын жасапты да. Келесі жылы көктемде құдықты қайта қазуға келсем, айбат шеккіш мысығым әлі тірі. Құдықтың түбінде 3-4 құрбақа бар екен. Соны жеп жан бағыпты. Маған айбат шегуін де қоймайды. Ал құдықтың егесі улап берген наннан бір қылы да түспеген (Бұл сұқбатты 20 метрлік құдықтың түбіне атамен бірге түскен операторым.Мейірбек Төлебай алды).
Түскі асымды ішіп, 40 метрлік құдықтың түбіне түссем, үлкен мысық жатыр екен қозы жейтін. Сол құдықтың түбіне түсіп кетіпті. Сөйтсем, мысық маған айбат қылады. Қорыққанымнан төбеге шықтым. Күн суытып кеткен болатын. Жерде қар бар еді. Сосын егесі, көке қоя беріңіз, келесі жылы қазарсыз деді. Оған дейін мысыққа дәрі беріп, улаймын деді. Және онысын жасапты да. Келесі жылы көктемде құдықты қайта қазуға келсем, айбат шеккіш мысығым әлі тірі. Құдықтың түбінде 3-4 құрбақа бар екен. Соны жеп жан бағыпты. Маған айбат шегуін де қоймайды. Ал құдықтың егесі улап берген наннан бір қылы да түспеген (Бұл сұқбатты 20 метрлік құдықтың түбіне атамен бірге түскен операторым.Мейірбек Төлебай алды).

Әбдікерім ОРАЗБАЕВ, құдықшы: «Әр жерде әртүрлі ғой. Бұрын қазылған бір құдыққа түскенімде ішінен үлкен бұқа шыққан. Құдықта өлген бұқаны «кинг-конгқа» ұқсатып, мұрнына сырға тағып алып шықтық. Құдықтың тереңдігі 13 метр болатын. Онан соң, енді түсіп қазайын десем, құдықтың асытында тағы екі үлкен жылан жатыр. Семіріп кеткен. Бұқамен қоректенген- ау. Тағы бір құдықты қазу кезінде 7 метрлік тереңдіктен адамның үлкен басы шыққан. Сескендім, әрине. Сосын басында құран оқып, төбеге алып шықтым. Егесіне беріп, молаға апарып көмгіздім. Баяғы заманның адамдары болса керек, бас тым дәу еді. Ия, одан соң, ол құдықты жауып қойдық. Мұндай жағдайлар өте көп кездеседі. Көбінесе, қыш құмыралар тұрады томпайып. Жәймен жерді қазамын. Сөйтіп, құмыраның ішін қараймын. Алтын шығып қала ма дейімін ғой сондағым. Бірақ алтын шықпайды. Тек, топырақ қана тапқаным». 

Құдықты қазып жатқанда жердегі су арнасына жақындап, құдықтың іші суға тола бастаса, беліме арнайы арқанымды байлап аламын. Әйтпесе, жер асты суының жолына лұқ етіп түсіп кетесің. Сосын сол кеткеннен мол кетіп, Самарқан, Бұқарадан бір ақ шығуың ғажап емес. Ондай жағдайлар өте көп болған негізі құдықшылардың басында. Бірақ әлі күнге дейін менде ондай жағдай кездеспеді. Өйткені, жақсы сақтанамын.
Құдықты қазып жатқанда жердегі су арнасына жақындап, құдықтың іші суға тола бастаса, беліме арнайы арқанымды байлап аламын. Әйтпесе, жер асты суының жолына лұқ етіп түсіп кетесің. Сосын сол кеткеннен мол кетіп, Сырдария, Амудариядан бір-ақ шығуың ғажап емес. Ондай жағдайлар өте көп болған негізі құдықшылардың басында. Бірақ әлі күнге дейін менде ондай жағдай кездеспеді. Өйткені, жақсы сақтанамын.

Ол құдық қазып жүріп, 5 уақыт намазын да қаза қылған емес. Кейде 70-80 метрлік тереңдіктегі құдықтарды қазар болса, жердің түбінде отырып та, Жаратушыға құлшылық етеді. Кәсібіне берілгені соншалықты, жыл 12 ай құдық қазатын Әбдікерім Оразбаев аз демалып, тынығып қалса, шыдай алмай кетеді. Құдық қазғысы келіп тұрады.

Әбдікерім ОРАЗБАЕВ, құдықшы
Әбдікерім ОРАЗБАЕВ, құдықшы

Әбдікерім Оразбаев, құдықшы: «Кәсібіме әбден үйреніп алғаным соншалық, қыстыкүні үйімнің жертөлесін қаза берем. Бойымнан асырып, 4 метрге дейін бір өзім қазамын. Сөйтіп, өзімді тексеремін. Одан соң қайтадан көміп тастаймын. Ертесіне тағы қазам. Мұны көрген әйелім «жынды болғансың ба» дейді (күліп). Жұмысқа әбден үйреніп қалғам. Шыдай алмаймын».

Құдықшы атаның су іздеудегі құпиясы бар. Ә.Оразбаевтың  мыстан жасалған «сиқырлы» сымдары бар. Осы заттарды өз әдісі бойынша қолданып, жер астындағы су арнасының өткен жерін таба қояды. Сөйтеді де, еш күдіктенбестен қаза береді, қаза береді. Ақсақалды үміті ешқашан алдаған да емес. Ол ұңғылаған жерден міндетті түрде су шығады. «Осы күнге дейін қаладағы қазылған құдықтардан ащы су шыққан емес. Бәрі де тұщы. Ащы сулар шөлді аймақтарда. Ондай құдықтарға тапсырысты түлігі көп жандар береді» дейді. Жер асты су арнасын табу әдісінің қазыналы қарт бірнеше тәсілін біледі. Ағаштың жас бұтақтарын пайдалану арқылы да керегін тауып алатын кездері жоқ емес. Оған бұл құпиялы әдісті ешкім үйретпеген. Білімге құштар жан соны айласын «Әлемде талай қызық бар» кітабынан оқып-үйреніпті.

Әбдікерім қарт, қазір "сиқырлы сымдары" арқылы жер асты суының арнасын іздеп жүр. Арасында маған да үйретіп қояды. Айтуынша, бойында йоды көп адам тереңдегі суды тез сезеді екен. Және оған қолындағы сымдардың бір мезетте бір жерден тоғыса қалуы дәлел.
Әбдікерім қарт, қазір «сиқырлы сымдары» арқылы жер асты суының арнасын іздеп жүр. Арасында маған да үйретіп қояды. Айтуынша, бойында йоды көп адам тереңдегі суды тез сезеді екен. Және оған қолындағы сымдардың бір мезетте бір жерден тоғыса қалуы дәлел.

 

Облыстағы барлық аудандарда Әбдікерім Оразбаев қазған жүздеген, мүмкін мыңдаған құдықтан мал-жан шөлін басып жүрген болар. Өйткені, ол бұл күнге дейін қазған құдығының есебін білмейді. Сондықтан  оны сан үшін емес, халқының сұранысымен, ауызсудан тарықпасын деп жасайды.

Ол өзіне сенімді болу үшін су шығады деген жерді төрт тараптан тексеріп көреді. Нәтижесінде барлық түйіскен жер бірдей болса, демек, осы арадан су атқылайды деген сөз.
Ол өзіне сенімді болу үшін су шығады деген жерді төрт тараптан тексеріп көреді. Нәтижесінде барлық түйіскен жер бірдей болса, демек, осы арадан су атқылайды деген сөз.

Ел арасында 20 құдық қазған адам пейішке барады деген сөз бар. Осы нақыл сөзді естен шығармайтын атайдың сауабы мол бұл кәсібін соңғы кездері немересі мен күйеубаласы үйреніп жүр екен. Әбдікерім қарттың құдық қазудағы көмекшілері де осы балалары.

Болат Пернебаев, күйеу баласы
Болат Пернебаев, күйеу баласы

Болат Пернебаев. күйеу баласы: «Мұндай киелі істі екінің бірі жасай бермейді. Қиыншылығы көп іспен айналысатын атамның кәсібіне менде қызығатынмын. Міне, бүгін үйренуге келдім. Менің ойымша, адам бұл өмірде барлық өнерді үйренуі керек. Жұмыстың қиыншылығы көп, түсінем. Су астына түсіп кетуің мүмкін. Төбеден шелек құлап кетуі мүмкін. Сондықтан сақтық шараларының барлығын ойластырып қана, асықпай, есеппен жасалатын жұмыс бұл. Білім инемен құдық қазғандай деп тегіннен-тегін айтылмаған ғой. Құдықтағы әрбір топырақты шелектеп шығару деген – бұл үлкен төзімді қажет ететін шаруа. Өзімнің жұмысым бар. Үлкен-үлкен жүк көліктерін айдаймын. Десе де, атамның осы мұрасын үйреніп алғым келеді».

Әбікерім атай: Көп қой, суы жоқ жер. Әсіресе, шөл жақтарда су болмайды. Тапшы. Көбінесе сондай ауызсудан қиналып отырған жерлерге барам. Мысалы бір ауылдарға 15-16-ға құдық қазып берген кезім болған. Сол ауылдың әкімімен келісімге отырып, төрт үй ара, алты үй ара бір құдықтан қазып бердім.
Әбікерім атай: Көп қой, суы жоқ жер. Әсіресе, шөл жақтарда су болмайды. Тапшы. Көбінесе сондай ауызсудан қиналып отырған жерлерге барам. Мысалы бір ауылдарға 15-16-ға құдық қазып берген кезім болған. Сол ауылдың әкімімен келісе отырып, төрт үй ара, алты үй ара бір құдықтан қазып бердім. Қазығұрт ауданындағы ауылдарға осылай жасап бергем. Одан соң Бәйдібектегі Шалдар ауылында да мемлекеттік су болса да тоқтап қала беретін. Сол ауылға да қазып бергенмін.
Бұл жігіт, менің әріптесім Мейірбек Төлебай. Құдықшы атасымен 20 метр тереңдікке түскен де осы жігіт. Атай туралы сюжетті сіздер тек осы азаматтың көзімен ғана көре аласыздар. Жалпы, кадр сыртында жүретін әріптесімнің еңбегі ерекше екенін айтқым келеді.
Бұл жігіт, менің әріптесім Мейірбек Төлебай. Құдықшы атасымен 20 метр тереңдікке түскен де осы жігіт. Атай туралы сюжетті сіздер тек осы азаматтың көзімен ғана көре аласыздар. Жалпы, кадр сыртында жүретін әріптесімнің еңбегі ерекше екенін айтқым келеді.

 

Құдықшылар қазір ешкімге қарайтын емес. Қара топырақтан тезірек тәтті су шығарсақ дейді асығып...
Құдықшылар қазір ешкімге қарайтын емес. Қара топырақтан тезірек тәтті су шығарсақ дейді асығып…
Қызу істі Мейірбек екеуміз де қалт жіберер емеспіз. Камерамызға жазып алып, Сіздерге көрсетуге асығып тұрмыз. Ал киелі кәсіптің әсері тіпті керемет екен...
Қызу істі Мейірбек екеуміз де қалт жіберер емеспіз. Камерамызға жазып алып, Сіздерге көрсетуге асығып тұрмыз. Ал киелі кәсіптің әсері тіпті керемет екен…
Қарапайым ғана қарт міне осындай өнердің иесі. Оның жоғарыдағы сұқбаты өте асығыс айтқан әңгімелерінің басы ғана. Намазына асыққан атай осылайша Алла алдындағы парызын да ұмыт қалдырған жоқ
Қарапайым ғана қарт міне осындай өнердің иесі. Оның жоғарыдағы сұқбаты өте асығыс айтқан әңгімелерінің басы ғана. Намазына асыққан атай осылайша Алла алдындағы парызын да ұмыт қалдырған жоқ

Айтпақшы, атаймен сұқбаттасқан екі сағаттың ішінде оның жер астына түсіп, құдық қазған жұмысының ақысын біле алмадық. Құпия дейді жымиып. Бірақ, бағасының қымбат емесін де ескертті. Ол тіпті қаржыдан қысылған бірнеше азаматтарға тегін құдық қазып беріп, алғысын алған… Ал Оңтүстікте ондаған ауыл тұрғындарына ауыз су беріледі деп мемлекеттің миллиондаған қаржысы бөлінгенімен, сол судың шарапатын әлі күнге көре алмай келе жатқан елдімекендер көп…

…Ақкөңіл азамат құлшылық етуге тағы да асығып кетті. Онан соң құдық қазуға қайта кіріседі.

Суреттерді түсірген әріптесім Тимур Джумабеков болатын.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=SKKFC1cOvqQ[/youtube]