Шымкенттің көп бөлігінде су өшіріледі

334
Тамыздың 24-інен 25-іне қараған түні Шымкенттің біраз бөлігінде су өшіріледі

Қыркүйектің 5-нен 6-на қараған түні Шымкенттің біраз аудандарында су болмайды. «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар көшелерде судың берілуі тоқтатылатыны туралы хабарлайды.

Сонымен, 5 қыркүйек күнгі сағат 23:00-ден бастап 6 қыркүйек таңғы сағат 06:00-ге дейін мына көшелерде су болмайды:

Қонаев даңғылы, Тәшенов, Шәймерденов, Верещагин, Түркістан, Ғ.Іляев, Желтоқсан, Қазыбек би, Байтұрсынов, Әл Фараби, Гоголь, Диваев, Алпысбаев, Қалдаяқов, Мақталы, Интернационал, Құрманбеков және Абай көшелері.

Бұған қоса су мына аудандарда да уақытша өшіріледі:

Темірлан тасжолының Мангелдин көшесінен Қатын көпірге дейінгі бөлігі, Желтоқсан көшесінің Рысқұлов даңғылынан Бауыржан Момышұлы даңғылына дейінгі бөлігі, 3,4-шағынаудандар, Тельман бөлімшесі, 112-орам, Шағын Самал, Рысқұлов көшесінің Орталық стадионнан Өтеген батыр көшесіне дейін, Жолдасбеков, Тяжев, Сасбұқаев, Крегер көшелері.

Су арнасы мекемесі уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.