Ұлағатты ұстаз «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды

Зүбайра Мергенбаева, Жамбыл атындағы №26 мектеп-гимназияның мұғалімі
Зүбайра Мергенбаева, Жамбыл атындағы №26 мектеп-гимназияның мұғалімі
Зүбайра Мергенбаева, Жамбыл атындағы №26 мектеп-гимназияның мұғалімі

Болашақтан үміті бар ел ұстазын құрметтейді. Шымкенттегі Жамбыл атындағы №26 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Зүбайра Мергенбаеваны білім және ғылым министрлігінің өкілдері «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапаттады.

Оқу ісінің үздігі Зүбайра Тоймаханбетқызы 34 жыл еңбек өтілінде көптеген жетістіктерге жеткен. Шәкірттері Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша үнемі жоғары көрсеткішке жеткен ұстаздардан түлеп ұшқан шәкірттер қазір алыс-жақын шетелдерде қызмет етіп жүр.

Айта өтейік, мұндай ерекше төсбелгіні аталған мектепте осымен үшінші ұстаз иемденді.

Зүбайра МЕРГЕНБАЕВА, Жамбыл атындағы №26 мектептің тарих пәні мұғалімі: «Мен сыйлықты күттім. Мұндай марапатқа ұсындық деп педегогикалық ұжымның алдында айтқанына 3 жыл болды. Содан бері әр мерекеде келіп қалатын шығар, беріп қалатын шығар деп күткенім рас. Сол үш жыл бойы күткен сыйлығым міне Наурыз мерекесінің қарсаңына келіп отыр екен. Барша ұжымымды, Оңтүстік Халқын келе жатқан Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтаймын».