Шымкентте 21 ұстаз қала әкімдігінің грантына үміткер. «Сапалы білім» жобасы аясында білім беру сапасын арттыруға бағытталған ауқымды бастама жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында қала мектептеріндегі оқу үдерісін жаңа деңгейге көтеру, педагогтердің кәсіби әлеуетін дамыту көзделген.
Шымкентте мұғалімдердің үздігін анықтау үшін арнайы жоба қолға алынған. Мұнда ұстаздар оқ бойы озып шығып, білімдері мен біліктіліктерін дәлелдеу қажет. Олар бірнеше кезең бойынша бақ сынап, сыннан сүрінбей өтеді. Қазіргі таңда байқаудың мектепішілік және аудандық кезеңдері толық аяқталды. Нәтижесінде іріктеуден өткен 21 үздік педагог үшінші кезеңге жолдама алды. Алдағы аптада олар өз пәндері бойынша ашық сабақ өткізіп, арнайы критерийлер негізінде бағаланады.
ҚУАНЫШ ЫСҚАҚОВ, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Жалпы 13350 педагог қатысты. 11902 89 яғни, 2 пайызы, мыңнан астамы екінші кезеңге өтті. Екінші кезеңнің қорытындысымен үшінші кезеңге 21 педагог қатысуда. Үшінші кезеңнің қорытындысымен қала әкімдігінің 100 грантын береміз деп жоспарлаған болатынбыз».
Бұл конкурс мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдап қана қоймай, олардың еңбегін лайықты бағалауға мүмкіндік береді дейді басқарма басшысы. Жалпы, педагогтерді қолдау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, биыл 115 түрлі іс-шара ұйымдастырылған. Бұдан бөлек, мұғалімдердің біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлініп, мыңға жуық педагог білімін жетілдірген.
Педагогтің кәсіби құзіреттілігін арттыру- пәндерді оқыту әдістемесі және қиын тақырыптарды меңгерту, ЖИ пен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасындағы құндылықтарды кіріктіруге бағытталған 32 семинар өткізілді. Іс-шараға барлық пән мұғалімдері 3248 педагог қамтылды.
Басқарма басшысының айтуынша, білім сапасы жыл сайын жоғарылап келеді. Мәселен, оқу жылының алғашқы үш тоқсаны бойынша өсім байқалған. Нақытырақ айтар болсақ, І тоқсанда – 54%, ІІ тоқсанда – 56%, ІІІ тоқсанда – 60%.ды құраған. Яғни, жалпы өсім 6 пайызды құрады дейді қалалық бас ұстаз.
Нұргүл Жолымбетова






