«Мега орталық» шымқалалықтарға мерекелік көңіл күй сыйлады

400
Шымкенттегі "Мегаорталық"

 

Шымкенттегі "Мегаорталық"
Шымкенттегі «Мегаорталық»

Шымкенттегі ірі сауда орталықтары да Наурызды дүркіретіп тойлады. Әсіресе,»»Мега Шымкент» ойын-сауық орталығы көктем мерекесін ерекше атап өтті. ал мұнда келушілер сыйлықтарға ие болып, көпшілік арқа жарқа күй кешті. 

Сауда орталығы ғимараты алдында қазақтың ақ шаңқан киіз үйі құрылып, ұлттық салт дәстүрлер дәріптелді. Мега орталық өкілдері қалалықтарды наурыз тойға шақырып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Мерекеге келген кез келген бағын сынап,күшін байқай алды. Мегаорталықта арқан тартысты жиналған жұрт. Білімі озғандар Наурызнама туралы сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтар алды.

Абзал Құрманәлі: «Биылғы Наурыз Оңтүстікте ерекше тойланып жатыр. «Мега» сауда орталығына үлкен рахмет. Ұлыстың ұлы күнінде осындай мерекелік көңіл күй сыйлап, елмен бірге атап өтіп жатыр. Осындай орталықтардың қатары көбейсе, Шымқаламыздың ажары артары даусыз.»

 

Шымкенттегі "Мегаорталық"
Шымкенттегі «Мегаорталық»

Ұлыстың ұлы күні наурыз көжесіз болған ба?! Мерекенің құрметіне мегалықтар қонақтарына наурыз көже де ұсынды. Жиналғандар «Корона» макарон фабрикасының бауырсақтарынан дәм татты. 

  Мегаорталық ұйымдастырған мерекелік бағдарлама таңның атысынан күннің батысына дейін созылды. Келген қонақтар да арқа жарқа күй кешті.

 

 

 

 

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=8xLNSOg2FVk[/youtube]