Дүние есігін бүгін ашқан сәбилердің аналарына ерекше құрмет көрсетілуде. Шара «Өніс» күніне орай қолға алынған. Еске саламыз Оңтүстік Қазақстан облысы Наурыз меркесін тоғыз күн бойы, тоғыз түрлі атаумен тойлауды ұйғарды. Бүгін «өніс» күні деп жарияланған. Дәл осы күні облыстық перенаталдықта босанған аналар ерекше құрметке бөленді.
Перизат, 5 баланың анасы: «Мен өте қуаныштымын. Наурыз мерекесінде тағы бір ұлды болдым, балаларымның саны өсті. Өсіп жатырмыз, өніп жатырмыз. Аналарға құрмет көрсеткен сіздерге рахмет».
Айта өтейік, бүгін түске дейін мұнда тоғыз нәресте дүниеге келді. Олардың аналарын денсаулық сақтау басқармасының бастығы Жұмағали Исмаилов облыс әкімінің атынан арнайы құттықтап барды. Гүл шоқтары мен тарту таралғысын жасады. Өткен жылы оңтүстік өңірінде 77 мыңнан аса сәби дүниеге келген. Ал бір күнде 200 ана босанады екен. Оның жүзден астамы шымкенттіктер.
Жұмағали Исмаилов, ОҚО денсаулық сақтау басқармасының бастығы: «Елдің болашағы осы балдырғандардың қолында. Жыл сайын бала туу көрсеткішімізбен алда келеміз. Статистикаға сүйенсек, былтыр 18 жасқа толмаған жасөспірімдердің облысымыздағы үлесі 1 миллионнан асып, жығылған болатын. Бұл қауіпсіздігіміздің кепілі. Елбасы да ана мен баланың денсаулығына үлкен мән беруде».