Учаскелік полицейдің немқұрайлығы мезі етті. Шымкент тұрғыны полицейдің ақылға қонымсыз әрекетін айтып шағымданып жатыр. Дина Көбенованың сөзіне сенсек Ұрлық-қарлықтың жолын тия алмаған учаскелік инспектор әрбір қадаманына ақша талап ететін көрінеді.
Дина Көбенованың учаскелік инспекторға деген өкпесі қара қазандай. Дүкенімді бір емес, бір неше рет тонап кетсе де көмек қолын созбады деп шырылдайды.
Дина Көбенова, «Самал-3» шағынауданының тұрғыны: «Күйеуімді ұрып, баламды пышақтап, тонаған кезде де «жарайды» деп қатырып кеткен. Келмейді де, сұрамайды да. Қарама-қарсы беттегі заңсыз сауданы жойып берші десем, олармен сойлесіп келді де, апорный пунктті ремонттап жатырмыз, 5 мың теңге беріңіз деді. Бердім. Өйткені қорқамын. Бұған дейін бес рет тоналғанмын. Кейде осы ұрлыққа өздерінің қатысы бар деп қаламын».
Шағын кәсібімен бала-шағасын асырап отырған Самал-3 шағынауданындағы дүкеннің иесі напақама тәртіп сақшысы да ортақ болып барады дейді. Қандай-да бір арыз-шағым ақшасыз бітпейтін көрінеді. Тіпті сұрағымыз да жауапсыз да қалады дейді.
Ал Абай аудандық полиция бөлімінің басшылығы қызметкерлерінің мұнша төмендеуі мүмкін емес деп отыр. Тұрғындардың
шағымын жеткізіп едік, қызметтік тексеру жүргізуге дайын екендіктерін айтты.
Ерғали Сүлейменова, Абай полиция бөлімі бастығының орынбасары: «Тұрғындардың, жеке кәсіпкердің арыз-шағымы аясында қызметтік тексеру жүргізуге дайынбыз. Егер заңсыздық болса, міндетті түрде шағым көреміз».
Тексеру жүргізуге тағы бір себеп дүкеншіге қырғидай тиетін инспекторды Самал-3 шағынауданының тұрғындары мүлде танымайды. Жұмыс істеп жатса қайда жүр дейді олар.
Егер шағымданушылардың арызы расталса, учаскелік полицей қызметтен қуулуы мүмкін.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ze4bzcbOPMk[/youtube]