Шымкентте аймақтық телеарна басшылары бас қосты

409
Жиынға еліміздегі аймақтық телеарналардың басшылары қатысып, семинар-тренинг те өтті
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев жиынды болды
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев жиында болды

Қазір «Отырар» арнасында аймақтық телеарна басшыларының семинары өтіп жатыр. Оған ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрді де қатысуда. Талқыға түскен басты тақырып сандық хабар тарату жүйесіне көшу кезінде аймақтық телеарналардың дамуы.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев пен еліміздегі жекеменшік арналардың басшылары алдымен «Отырар» телеарнасын аралап көрді. Шымкенттегі 20 жылдық тарихы бар Отырар арнасы бүгінде интернет, газет және телеарнаның басын біріктірген ірі медиахолдинг. Қонақтар мұнда ақпаратты жылдам тарату бағытында қолға алынған жұмыстармен танысты.

Сосын басты тақырыпқа ойысты.

 Жиынға еліміздегі аймақтық телеарналардың басшылары қатысып, семинар-тренинг те өтті
Жиынға еліміздегі аймақтық телеарналардың басшылары қатысып, семинар-тренинг те өтті

Аймақтық телеарна өкілдерінің бас қосуының негізгі себебі сандық хабар тарату мәселесі. Бұл әдіске көшу кезінде арналардың дамуы. Бұл ретте проблемалар да бар. Яғни, тәуелсіз арналар мемлекет көмегіне мұқтаж.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі де биыл телеарналарды жаңа өзгерістер күтіп тұрғынын айтады. Жағымдсы да бар. Соның бірі электронды БАҚ-тың мемлекеттік тапсырысқа қол жетімділігі артады.

Қазір елімізде 40 тан астам жекеменшік аймақтық телеарналар бар. Ал сандық хабар тарату жүйесіне өту кезінде оларға қойылар талап күшейеді. Жиында осы мәселелер сөз болып жатыр.  Жиын әлі аяқталған жоқ.  Ертең олар тәуелсіз арналардың ақпарат алмасуы және телевизиядағы әлемдік жүйелерді талқылайды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=MszBuK1DFoU[/youtube]