1-наурыз — Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні. Атаулы дата жыл сайын Халықаралық азаматтық қорғау ұйымы аясында атап өтіледі. Осы күні жер шарының барлық түкпірінде зілзалалар мен қауіп-қатердің алдын алу шаралары халыққа түсіндіріліп, ашық есік күні ұйымдастырылады. Бұл атаулы күннен біздің өңір де тыс қалған жоқ.
Осыған орай облыстық төтенше жағдай департаментінің барлық бөлімдері мен басқармаларында түсіндіру сабақтары өтті. Оған өңіріміздің барлық аудан және ауыл-аймақтың басшылары, мектеп оқушылары мен студенттер қатысты.
Кез келген өртті өшіріп тастайтын көбік — осы. Ол жалынның үстін тұтас басып қалып, себілген кезде оттегіні жібермейді. Осылайша өрт ұшқыны ауа келмегендіктен өзінен өзі өшеді. Мамандандырылған 1 жасақтың құтқарушылары өздерінің барлық құрал-саймандарын оқушыларға таныстырып жатыр. Жеткіншектер барлық техниканы қолдарымен ұстап көріп, кейбірі, тіпті, Камазға да мініп алды. Ал енді бірі өрттен қорғаныс костюмін киіп көрді.
Облыстық төтенше жағдайдар департаментінің бастығы мұндай ашық есік күні мен таныстыру сабақтары бүгін облыстың түкпір-түкпірінде ұйымдастырылады дейді.
Мынау — сом темірді жаңқа құрлы көрмейтін құрал. Қаңылтырды да қамырша илейтіні бар. Ашық қалған құбырдан аққан суды ә дегенде осылайша тоқтатып тастауға болады. Жаман айтпай — жақсы жоқ, апатты жағдай орын алса, құтқарушылар сақадай-саймыз деп отыр. Төтенше жағдай қызметі ұйымдастырған 5 күндік ашық сабаққа облыстың түкпір-түкпірінен ауыл-аймақтың басшылары да қатысуда.
Мына тұста судан құтқарушылар жайғасқан. Алда шомылу маусымы келе жатқанын ескерсек, сақтық шараларын осы бастан қолға алғанның артығы жоқ.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=w7gjzQTWiX8[/youtube]