Темір жолда темірдей тәртіп орнамақ

382
Жолаушылар заңнан аттамауға бел буды

Шымкенттегі темір жол вокзалында темірдей тәртіп орнамақ. Астанадан ат терлетіп келген арнайы комиссия «Оған жергілікті желілік ішкі істер басқармасының күші жетеді» деп қорытындылапты. Бірінші кезекте жолаушыларды тәртіпке шақырған топ жұмысты тазалықтан бастау керек деп шешкен. Түсіндірме жұмыстарының алғашқы кезеңі басталып та кетті.

күту залында ұйықтап жатқан жолаушылардың бірі
күту залында ұйықтап жатқан жолаушылардың бірі

Өз жұмысын күту залынан бастаған топ, заңбұзушылыққа бірден тап бола қойған жоқ. Жолаушылардың құжаттарын тексеріп, қоғамдық орында ұйықтамауды ескертті. Осы күні жолға шыққандардың барлығы желілік полицейлердің қызметіне көңіліміз толады деп ағынан жарылды.

Стансада тоқтаған поездардың жолаушылары да назардан тыс қалған жоқ. Мұнда кемшіліктер шаш етектен.

Ерлан Бөгенбаев, ІІЖБ-ның криминалисі:»Москва-Бішкек пойызын тексердік. Жолаушыларға қоғамдық орында тәртіп пен тазалық сақтау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Заңбұзушылықтар да болды. Оларға әкімшілік шара көріледі».

Жолаушылар заңнан аттамауға бел буды
Жолаушылар заңнан аттамауға бел буды

Шымкент станциясы көрші Өзбекстанмен шекаралас жатқандықтан, қонақтардың келіп -кетуі де тексерілді. Олардың арасында заңсыз келгендер баршылық.

Мұрат Қанапиянов, көші-қон басқармасының инспекторы: «Осы уақытқа дейін шекарадан заңсыз өтіп, пойызда келе-жатқан төрт азаматты ұстадық. Олар жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлейтін болады».

Дәл осы станцияда жыл басынан бері 622 әкімшілік құқықбұзушылық тіркеліпті. Оның ішінде 41 азаматқа әкімшілік шара көрілген. Ендігі жерде бұл санадар азаяды, оған тексерушілер де, тәртіпті қадағалаумен айналысатындар да сенімді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=QQjyrtCkKZw[/youtube]