«Жайдарманның» жартылай финалы аяқталды

562
"Жайдарманның" жас достары көпшілкті күлкіге көмді
«Жайдарманның» жас достары көпшілкті күлкіге көмді

«Арман. Еңбек. Сенім». Шымкентте осылай аталған көңілді тапқырлар клубының көңілді кеші өтті. Облыс көлемінде өткен жартылай финалдың шымылдығын «Ерекше» құрамасы түрді. Аты айтып тұрғандай әзілкештер ойынын ерекше бастады. Тіпті би қымылдары, әзілдері де қызық болды дейді көрермен қауым.

Жайдарманның жарқын сахнасында алғаш рет өнер көрсеткен өнерпаздардың үлкен дайындықпен келгені көрініп-ақ тұрды. Телеарна бағдарламаларын әзіліне арқау еткен жайдарманның жас достары бұл ойында жеңіске жететініне сенімді екендерін айтты.   

«Ерекше» құрамасы: «Алла сәтін салса, жеңіс тұғырынан көрінеміз деп

Көрермендер залы лық толды. Ине шаншыр орын болмады. Бұл жастардың өнерге деген құрметі болса керек.
Көрермендер залы лық толды. Ине шаншыр орын болмады. Бұл жастардың өнеріне деген құрмет болса керек.

ойлаймыз. Біз ұзақ уақыт бойы дайындалдық, енді соның жемісін көрсек дейміз. Әрине, алғаш рет КТК ойындарына қатысып отырмыз. Бірақ қобалжу-толқу сезімдерін сезінуге де уақыт болмады. Көпшіліктің қошеметін көргенде барлық уайым артта қалды. Біздің ойымызша, әзіл ақиқатпен байланысуы керек, сонда ғана маңызы артады. Есен Елеукен ағамыздың шырылдап жүргені де осы мәселе ғой, сондықтан біздің әрбір әзіліміз үлкен мән-мағынамен астасады. Халық айта алмаған шындықты әзіл арқылы айтамыз. Бұл «Жайдарманның» парызы! Ал бүгінгі ойында ең басты қарсыласымыз Түркістан қаласынан келген «Ассорти» деп білеміз. Ойыны тамаша олардың, әзілдеріне құрметпен қараймыз». 

Облыс көлемінде қолға алынған көңілді тапқырлар клубының көңілді кешінде «Жайдарман» жаңа құрамалармен де толықты. Соған қарамай, өнерпаздар әдемі әзілдерімен жастолқынның жанын жадыратуда бұ жолы да алдына жан салмады. Ал қазылар алқасының құрамында АЭСА командасының экс-капитаны Мейіржан Есенғараев, «Арман» тобының әншісі Ғалымжан Санғылбаев, «Жайдарманның» бұрынғы ойыншылары Шапағат Орынбаев пен Нүркен Иманқұлов болды. Ал көңілді тапқырлар клубының кешін АЭСА құрамасынан түлеген Сейітжан Әсілов жүргізді. 

Ерлан Айтбаев, қазылар алқасының төрағасы: «Бұл КТК ойындарының ерекшелігі сол — тек қаланың жастары ғана емес, аудан, аймақ, қала берді ауылдың жастары арасындағы таланттарды қолдау. Сол ауыл таланттарын тасада қалдырмау мақсатында өткізіліп отыр. Олардың қолдауға ие болуы үшін бұл «Жайдарман» ойынының маңызы зор екенін айтып өткенді жөн санап отырмын. Сонымен қоса қазақта қыздардың көңілді тапқырлар клубында ойнауға тыйым салып, менталитетімізге жат деп жатады. Негізі бұл КВН-ді кез келген жастың ойнауға құқы бар ғой. Жалындаған жастық шақта күліп-ойнап, саясатқа да осылай араласуына болады ғой. Мәселен, бүгінгі ойында 3 қыздардан құралған құрама ойнап жатыр. Тамаша ойын көрсетуде. Сондықтан өнерге де әркімнің бар таласы екенін ұмытпайық.  Егер «Жайдарманда» ойнаймын» деуші аруларымыз болса біздің есігіміз әрдайым ашық дер едім». 

КТК ойыншыларының арасынын 6 құрама ақтық жобаға жолдама алды
КТК ойыншыларының арасынын 6 құрама ақтық жобаға жолдама алды

Ақтық мәреде әзілкештер қысқа-нұсқа әрі қызық әзілдерін ұсынуы қажет. «Жаңалықтар» деп аталған айналымда «Реал Мадрид», «Ассорти», «Марс», «Қызыл өрік» сынды құрамалар өнер көрсетіп, замандастарына күлкінің дәруменін сыйлады.

Ақылбек Бекмұратов, көрермен: «КТК ойындары өте қызық әрі көңілді өтуде. Қызықты әзілдерін ұсынып жатыр. Менің ойымша Мұхтар Әуезов университетінің атынан қатысып отырған «Қызыл өрік» және Түркістан қаласынан келген «Ассорти» құрамалары жеңіске жетеді. Себебі қызықты, бұрын соңды айтылмаған әзілдерімен баурап жатыр бізді. «Жайдарманның» сахнасы қай кезде де жанданып тұрады ғой. Қазылар алқасы да әділ бағалап жатыр деп ойлаймын. Көрерменнің қошеметіне қарап отыр. Сонымен қоса олар бұрындары осы сахнада ойнаған азаматтар, бүге-шігесіне дейін, заңдылықтарына дейін жақсы түсінеді».

Роза Бауыржанқызы, көрермен: «Маған ұнаған құрамалар көп. Бірақ жүзден жүйрік деп түркістандық «Ассорти» мен «Ерекше», «Мардан Ұландарын» айтар едім. Тамаша дайындық, салмағы ауыр әзілдер. Жеңіл-желпі емес. Шындықты да әзілдерімен жеткізіп жатыр. Ерлан Айтбаев қазылар алқасында отырған соң, көпшілік әділ өтетініне сенімді болып отырмын». 

«Жайдарманның» көңілді өнерпаздары көпшілікті күлдіргенімен, әрбір әзілінің астарында ащы ақиқат жатты. Сонымен 12 құрама өнер көрсеткен ойында ақтық жобаға «Шу құрамасы», «Мардан ұландары», «Қызыл өрік», «Ерекше» , «Реал Мадрид», «Ассорти» құрамалары жолдама алды.