Опық жеген ата-ананың өзі тренинг өткізуге кірісті
Опық жеген ата-ананың өзі тренинг өткізуге кірісті
Опық жеген ата-ананың өзі тренинг өткізуге кірісті

Дәрігерлер мен мұғалімдерден әбден теперіш көрген ата-аналар енді оларды оқытуға көшті. Шымкентте ВИЧ-пен өмір сүретін балалардың ата-аналары ақ халаттылар мен ұстаздарға арналған семинар өткізуді бастады. Осы арқылы ВИЧ-ті жұқтырғандардың өзгелермен бірдей ем қабылдауға, білім алуға құқылы екенін еске салып жатыр. олай етпесе болмайды дейді олар. Өйткені бұған дейін дертке шалдыққандарды шеттету оқиғылары көп болған.

Шымкентте жаппай ВИЧ таралған кезде дертке шалдыққан бала. Оған туберкулезге қарсы екпе жасауға болмайды. Бірақ гиппократ антына адал жандар екпені егіп жіберген. Дәрігерлердің біліксіздігі ата-ананы қатты ашуландырып еді.

Кей дәрігерлер ВИЧ-ті жұқтырып берсе, өзгелері осылай олқылық жасаған. Ал ұстаздар арасында ВИЧпен өмір сүретіндерге білім бергісі келмейтіндер де тіркелді.

Әбден қажыған ата-аналар енді ақ халаттылар мен ұстаздарды оқытып жатыр. ВИЧ десе тітіркене қарайтын заман өткенін және олардың да өзгелермен тең құқылы екенін насихаттап жүр. Десекте оларды қабылдауға әлі де қоғам дайын емес дейтіндер бар.

Дайын емес қоғамды дайындау керек. Бұл семинарды өткізугі мақсат та сол. Әйтпесе ауруханаішілік ошақтан ауыр дертті жұқтырған бүлдіршіндер не емделе алмай, не болмаса білім ала алмай қалуы мүмкін дейді ата-аналар жағы.

Олар дәрігерлерге дәріс оқып қана қоймай, аудандарға барып кездесулер де өткізіп жатыр. Нәтиже беретініне сенеді яки үміттенеді. Енді оңтүстіктегі барлық мұғадімдер де осындай семинарға қатыстырылмақ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=sEHuyKLQv6k[/youtube]