АИТВ/ЖИТС алдын алуда әлеуметтік маңызды жоба жүзеге асырылуда

230

 

Бүгінгі күні жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромының (ЖИТС) не екенін білмейтін бірде-бір адам жоқ. АИТВ-инфекциясы – бұл иммундық жүйені әлсірететін адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауру, нәтижесінде организм әртүрлі ауруларға қарсы тұру мүмкіндігін жоғалтады. АИТВ-ның қауіптілігі мынада: ағзаға түскеннен кейін ол ұзақ уақыт байқалмайды және оны тек зертханалық тексеру арқылы анықтауға болады.

АИТВ-инфекциясының соңғы сатысы ЖИТС деп аталады. Ол адамның иммундық жүйесінің терең зақымдалуымен сипатталып, онымен қатар жүретін өкпенің, асқазан-ішек жолдарының, мидың аурулары дамиды. Бұл кезеңнің ұзақтығы бірнеше айдан 2 жылға дейін өтіп және науқастың өлімімен аяқталады.

Алайда, өкінішке орай, көптеген адамдар бұл аурудың қаншалықты қауіпті екенін және оның салдары қандай екенін түсінбейді. Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) – ЖИТС қоздырғышы иммундық жүйені әлсіретеді және ағза инфекциялар мен обыр жасушаларынан қорғануға қабілетсіз. Бүгінгі таңда АИТВ-ға қарсы вакцина жоқ. АИТВ-инфекциясын басатын ем бар, бірақ ЖИТС-нан толықтай айығу мүмкін емес.

Сондықтан АИТВ жұқтырудың алдын алу маңызды аспект болып табылады. Адамдар инфекцияның қандай жолдарын білуі керек.

СӨС қалыптастыру мамандарының қауымдастығы Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының тапсырысы бойынша облыс тұрғындары арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша әлеуметтік маңызды жобаны жүзеге асыруда.

Жоба шеңберінде халықтың нысаналы топтары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, АИТВ берілуінің үш негізгі жолы бар екендігі туралы ақпарат беріледі. Бұл жыныстық жол, қан арқылы және АИТВ оң мәртебесі бар анадан балаға

Инфекцияның жыныстық жолы қорғалмаған жыныстық қатынастан болады. Қан арқылы АИТВ қан құю кезінде, есірткіні көктамыр ішіне енгізу үшін инелер мен шприцтерді бірлесіп пайдалану кезінде, татуировкалар мен пирсингтерге арналған зарарсыздандырылмаған жабдықты пайдалану кезінде берілуі мүмкін. Жүктілік, босану, емізу кезінде анадан балаға.
Сондай-ақ, АИТВ-инфекциясы қол ұстасу, ыдыс-аяқ, тамақ, дәретхана, төсек-орын немесе іш киім, ақша, жәндіктердің шағуы, әдеттегі сүйісу арқылы, моншада, саунада, бассейнде берілмейтінін білу керек.

АИТВ-инфекциясының берілу жолдары туралы біле отырып, өз денсаулығыңызды және айналаңыздағылардың денсаулығын қорғауға болады.