ОҚО-да екі адам қырым қанды безгегіне күдікті ретінде ауруханаға жатқызылды

311
2 адам күдікпен ауруханаға жатқызылды

 

2 адам күдікпен ауруханаға жатқызылды
2 адам күдікпен ауруханаға жатқызылды

ОҚО-да екі адам қырым қанды безгегіне күдікті ретінде ауруханаға жатқызылды. Олардың бірі қазір Шымкент қалалық жұқпалы дерт ауруханасында ем қабылдап жатыр. Ал аса қауіпті ауруға күдікті екінші адам Созақ аудандық ауруханасында.

Бұл туралы бізге сенімді ақпарат көзі хабарлады.

Дәрігерлердің қатаң бақылауына алынған екі адамды да кене шаққан. Оларда аурудың кей белгілері байқалған соң ауруханаға жатқызылған. Дерек көзі науқастар жағдайының жақсы екендігін де жеткізді.

Айта өтейік, осы күнге дейін облыста 4 адам көкала дертіне күдікті ретінде ем қабылдаған. Еш қайсысында бұл ауру расталған жоқ.

Жыл сайын әлемде 350-ден 500 миллионға дейін адам безгекке шалдығады, олардың бір миллионнан үш миллионға дейіні қайтыс болады екен.