Өңірде мал дәрігерлері тапшы

460
мал дәрігерлері жетіспейді

Көктемгі дала жұмыстары жоспарға сай емес. Егілген егіс көлемі де белгіленген межеден аз. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен мәжілісте айтылды.

мал дәрігерлері жетіспейді
мал дәрігерлері жетіспейді

Күн жылынып, көк шыққалы ауылда шаруа көп. Негізгі міндеттің бірі егістік алқапқа себілетін дақылдарды әптараптандыру арқылы егіс көлемін арттыру. Егін салу былай тұрсын, жыртылмаған егін алқаптары бар аудандардың көшін Арыс пен Отырар, Ордабасы мен Шардара бастап тұр. Көш соңында қалғандардың бар уәжі суармалы судың тапшылығы. Бұған дұрыс ұйымдастырылмаған жұмыс барысын қосыңыз. Тізбектей берсе тірліктің түйіні көп.

Бейбіт Cыздықов, Отырар ауданының әкімі: «Жіберген қателікті мойындаймыз. Бұл ауылшаруашылығы бөлімі мен өзімнің жіберген қателіктерімнен деп ойлаймын».

Көкөніс пен жемістің ауылдан келетіні белгілі. Өңірдің көкөнісін өзіміз, қала берді бас қала Астанаға керуен артып жібереміз. Облыс басшысы осыны ескеріп, арнайы бұйрықпен емес, шаруаның өнімін өткізуге деген қызығушылықты арнайы мемарандум арқылы бекіту керек дегенді баса айтты.

облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бастығы баяндама жасады
облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бастығы баяндама жасады

Тағы бір мәселе бар. Ол өңірдегі мал дәрігерлердің тапшылығы. Мұны ауылшаруашылығы басқармасының бастығы баяндады. Дерегіне келсек, ветеринар мамандардың дені тәжірибелі мамандар. Бірақ жастарды баулып, оларды да жұмыспен қамту керек. Жас мамандар тартылса деген ойын жасырмады. Ал мал ауруы бойынша облыс мамандары жіті бақылау жүргізуде. Мұнда да бірқатар шаруалар бар. Шешімі әлі күнге дейін шешілмей отырғандарының негізгісі сол баяғы мал басына қатысты дау.

Жиын соңында қаңғыбас ит-мысықтар жайы да талқыланды. Бұл жұмысты атқару ісінде де кенже қалған аудандар бар. Ол Кентау, Бәйдібек, Мақтарал аудандары. Жоспар бойынша аталған ауылдар есепті 15 пайызға кем орындаған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=JwH22End0bY[/youtube]