Көктемгі дала жұмыстарына дизель отыны жеткізіледі

125

Отандық шаруалар дизель отынымен толық қамтамасыз етіледі. Бұл туралы  энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында мәлімдеді.

Оның хабарлауынша, көктемгі егіс науқаны басталмай тұрып, ведомство мұнай өңдеу зауыттарымен арнайы келісімдер жасасқан, яғни,дизель отыны фермерлерге делдалсыз тікелей жеткізіледі. Егістікке қажетті 400 мың тонна өнім уақытылы  жеткізілмек.

Мәселен, Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері әр өңірге дизельді жеткізу кестесін әзірледі. Болат Ақшолақовтың айтуынша, оның бір литрі 176 теңгеден аспауы керек. Айта кетерлігі, қазір оның нарықтағы бағасы 260 теңгеге дейін жетіп отыр.