Астана мен Шымкенттің кардиохирургтері бірге ота жасады

Астана мен Шымкент кардиохирургиялық орталықтарымен өзара меморандумға қол қойылды. Бұл арқылы балалар кардиохирургиясын әрі қарай дамытуға көзделді. Әрі орталықтардағы медициналық көмектің сапасын жетілдіруге мүмкіндік берілді. Жүректің туа біткен ақауы балр балаларға ауадай қажет маңызды және күрделі оталардың қолжетімділігі артты

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ мамандары қатысуымен балалар кардиохирургиясы бойынша шеберлік сабағы өткізілді. Облыста жүректің күрделі туа біткен ақаулары және салмағы 10 кг төмен балаларға ота жасауға үлкен мұқтаждық болуына байланысты жұмыс орнында шеберлік сабағы керек-ақ. Осыған байланысты «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ мамандары қатысуымен балалар кардиохирургиясы бойынша біршама тәжірибелер жүргізіліп, жас мамандарға отаның қыр-сыры түсіндірілді.

Мастер класс барысында жүректің күрделі ақауы бар балаларға және салмағы 8 кг төмен жүрек ақауы бар балаларға ота жасалып, екі орталықпен өзара меморандумға қол қойылды. Бұл шара балалар кардиохирургиясын әрі қарай дамытуға сөзсіз ықпалын тигізеді және орталықтағы медициналық көмектің сапасын жетілдіруге мүмкіндік беріп, облыстағы жүректің туа біткен ақауы бар балаларға ауадай қажет маңызды және күрделі оталардың қолжетімділігін арттырады.

Оңтүстік Қазақстан облысында жыл сайын шамамен 350-400 бала жүректің туа біткен ақауымен дүниеге келеді екен. Оның ішінде 150 балаға ота жасау қажет. Қазіргі уақытта 1924 бала жүректің туа біткен ақауымен диспансерлік есепте тұрса, олардың  400-дейі бір жасқа дейінгі балалар.

Бұл жолы осы балалардыфң бірқатарына, натқырақ айтсақ, 10 балаға астаналық дәрігерлер шымкенттік мамандармен біріге ота жасады.

Әріәптесім, оператор-Николай Иванов ота жасап жатқан бөлмеге кірді. Науқасқа инфекция түспес үшін арнайы киім киіну қажет
Әріптесім, оператор-Николай Иванов ота жасап жатқан бөлмеге кірді. Науқасқа инфекция түспес үшін арнайы киім киіну қажет
Облысымызда жүректің күрделі туа біткен ақаулары бар балалар көп дедік. Ол-Тертрадо Фалло, магистральді қантамырларының екі есеге ауытқуы, атривентрикулярлы канал секілді жүрек ақаулары. Салмағы 10 келіден төмен балаларға да ота жасауға үлкен мұқтаждық туып отыр. Сондықтан, мастер класс ең қиын деген оталарға өткізілді

Жүрек ақауымен туылған баланы учаскелік педиатрлар бірден байқайды екен. Ультрадыбықтық зерттеуден соң, баланың қандай ақаумен туылғанын нақтылады. Десе де, егер сәбиіңіз ентігіп, көгеріп қалатын жағдайлары кездесе, дереу дәрігерге қаралыңыз. Айтқанымызда бүгінде салмағы 8 келіге дейінгі  нәрестелерге ота жасауда. Ал Астанада Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықта сәби дүниеге келген бірер сағаттың  ішінде ота жасауға мүмкіндіктері бар
Жүрек ақауымен туылған баланы учаскелік педиатрлар бірден байқайды екен. Ультрадыбықтық зерттеуден соң, баланың қандай ақаумен туылғанын нақтылады. Десе де, егер сәбиіңіз ентігіп, көгеріп қалатын жағдайлары кездесе, дереу дәрігерге қаралыңыз. Айтқанымызда бүгінде салмағы 8 келіге дейінгі нәрестелерге ота жасауда. Ал Астанада Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықта сәби дүниеге келген бірер сағаттың ішінде ота жасауға мүмкіндіктері бар
Астана мен Шымкент кардиохирургиялық орталықтарымен өзара меморандумға қол қойылды. Бұл арқылы балалар кардиохирургиясын әрі қарай дамытуға көзделді. Әрі орталықтардағы медициналық көмектің сапасын жетілдіруге мүмкіндік берілді. Жүректің туа біткен ақауы балр балаларға ауадай қажет маңызды және күрделі оталардың қолжетімділігі артты
Астана мен Шымкент кардиохирургиялық орталықтарымен өзара меморандумға қол қойылды. Бұл арқылы балалар кардиохирургиясын әрі қарай дамытуға көзделді. Әрі орталықтардағы медициналық көмектің сапасын жетілдіруге мүмкіндік берілді. Жүректің туа біткен ақауы бар балаларға ауадай қажет маңызды және күрделі оталардың қолжетімділігі артты
Бұл сараптама қызметкері. Ота жасау барысында қажетті мамандардың бірі. Сағаттарға созылған ота кезінде науқастың жағдайын білу үшін арнайы сараптама жасалынады
Бұл сараптама қызметкері. Ота жасау барысында қажетті мамандардың бірі. Сағаттарға созылған ота кезінде науқастың жағдайын білу үшін арнайы сараптама жасалынады
Науқастың аты-жөні жазылып, 2 минут ішінде оның қан құрамы, дене қызуы, т.б компьютерде көрсетіліп тұрады
Науқастың аты-жөні жазылып, 2 минут ішінде оның қан құрамы, дене қызуы, т.б компьютерде көрсетіліп тұрады

Облыстық кардиологиялық орталықта 2011 жылдың 18-наурызында балалар кардиохирургиялық бөлімі ашылған болатын. Бөлім 12 орынға есептелген. Ашылған соң 1 жылдың ішінде орталықта 350 балаға ота жасалды. Осы уақыт аралығында Польшадан келген мамандардың қатысуымен 2 шеберлік сабағы өткізілді. Ол кезде де 90 бала мен ересекке ота жасалды.

Ал Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың мамандары айына 2-3 рет осылай өзге облыстарға шығып, ота жасайды екен. Бұл біріншіден тәжірибе алмасу болса, екіншіден оталарды әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларының балаларына жасап, күрделі оталардың қолжетімділігін арттырады екен.

Мақала авторы мен-Арайлым Бексейтова. Опеация залына кірмесек те, бастан аяқ киіну қажет екен
Мақала авторы мен-Арайлым Бексейтова. Опеация залына кірмесек те, бастан аяқ киіну қажет екен