Кенеден келген кесел. Жыл басынан бері облысымызда 1500 адамды кене шаққан. Бұл көктем айындағы көрсеткіш. Алда аптап ыстық бар. Сондықтан, безгектің алдын алу керек-ақ. Осыны ескерген дәрігерлер сынақ тапсырып жатыр. Учаскелік дәрігер мен медбикелер кене шаққан азаматқа көрсетілетін алғашқы көмек пен ем шаралардың барлығын білуі керек. Десе де, аталған сыннан мүдіріп жатқан мамандар бар.
Дәрігерлер бүгінгі сыннан сүрінбеуі керек. Сауалдар қарапайым болғанымен, сарапшылардың талабы қатаң. Күнгейдің күн тәртібіндегі өзекті мәселе безгектің алдын алу болса, осы дертке қатысты барлық амал-әрекеттерді дәрігер жіті білуі керек. Әсіресе учаскелік медбикенің біліктілігі маңызды. Денедегі кенені залалсыз алып, науқастың жай-күйін жіті қарау дәл осы мамандардың қолында.
Кене кеселін болдырмаудың жолын білем дегендер №1 қалалақ балалар емханасында сынақ тапсыруда. Ұзын саны 172 маман. Бүгінге дейін 56-сы сүрінбей өтіпті. Бірақ, бір сыннан екі рет өтіп, әлекке түскен мамандар да жеткілікті екен.
«Айболит» атап кеткен №1 балалар емханасына осы күнге дейін кене шақты деген күдікпен 27 бала тіркелген. 10-ы есепке алынса қалған, 2-уі жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылыпты.
Ал медбике Айнұр Батырбекованың учаскесінде 1 баланы жақында кене шаққан. Ол бала денесінен кенені қалай залалсыздандырып алғанын көрсетіп жатыр. Әдеттегі жабысқан кененің денесіне май тамызу әдісі дұрыс емес. Анықталғандай, майға тұншыққан кене сұйықтықты көп бөле бастайды. Ал бұл жақсы емес.
Мамыр айының соңына дейін барлық медицина қызметкерлері конго қырым қанды безгегінен сақтанудың жолдары, одан қорғанудың тәсілдерінен емтихан тапсырып болады. Осылайша, халық арасынданасихаттау кең көлемде көрініс тауып, жұқпалы аурудың алдын аламыз деп ниеттенеді.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=yZJG2B4uPII[/youtube]