Демалысқа 137 миллион бөлінді

204
жаз жайнатып, күн кйдіріп...
жаз жайнатып, күн кйдіріп...
жазғы демалыс
жазғы демалыс

«Жаз жайнатып күн күйдіріп демекші» биыл жазғы маусымда облыс бойынша 20 сауықтыру лагерь мен 250 мектеп жанынан ашылған лагерь ұйымдастырылмақ. Онда  жетім және әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан облыс бойынша 10 мыңға жуық бала мен облыстық балалар үйінің 350 тәрбиеленушісіне тегін демалатын болады.  Осы мақсақа облыстық  қазынадан 137 миллион теңге бөлінген.

Облыстық білім беру басқармасы мамандарының айтуынша, балалар сондай-ақ, құрылыс-жөндеу, көркейту-көгалдандыру бригадаларына, клубтар мен үйірмелерге, экскурсия мен туристік саяхаттарға, шатырлы лагерьлерге тартылады.

Сонымен бірге, 2012 жылы шымкенттік 1700 жас жеткіншек жазғы сауықтыру лагерьлерде демалған болса, 9050 бала мектеп жанынан ашылған 322 топта демалыстарын өткізіпті.

жаз жайнатып, күн кйдіріп...
жаз жайнатып, күн кйдіріп…

Ал, биыл шымкенттік 2500 оқушы сауықтырылады деп жоспарланған. «Ақсу» лагерінде 1000 оқушы тынығатын болса, 20 мың оқушы мектеп жанындағы 322 топқа тартылады. Сондай-ақ, оқушылар сарайы жанынан ашылған «Балдәурен» лагерінде 700 оқушы бос уақытын тиімді өткізе алады.  Бұл үшін қалалық қазынадан 28 млн 869 мың теңге бөлініп отыр.

Мамандардың айтуынша, жаздық демалыс орындары мен мектеп жанынан ашылған топтар толығымен залалсыздандырылып, балақайларды қабылдауға дайын тұр.