Úı ANONS Қазақстандықтар 14 күн демалады

Қазақстандықтар 14 күн демалады

Биылғы мамыр айындағы демалыстар әдеттегіден көбірек. Ел азаматтары қанша күн демалады? Және қай мерекелер жұмыс тәртібіне әсер етеді?

Көктемнің соңғы айы демалыстарға толы болмақ. Себебі Қаситетті Құрбан айт дәл осы мамыр айына тұспа-тұс келіп тұр. Сондықтан ел азаматтарына мемлекеттік мерекелермен қоса, қосымша демалыс күндері де берілмек.

 

Демалыс күндерінің саны жұмыс тәртібіне қарай өзгереді. Бес күн жұмыс істейтіндер 14 күн демалып, 17 күн жұмыс істейді. Ал алты күндік кестеде жүргендер 9 күн ғана демалып, қалған 22 күн жұмыста болмақ.

 

Осылайша, мамыр жұмыс күндерінің саны жағынан ең «қысқа» айлардың бірі болмақ. Бұған мерекелер мен демалыс күндерінің ауысуы себеп.

 

Атап айтсақ, Бұл айда 1 мамыр — бірлік күні, 7 мамыр — еОтан қорғаушылар күні,  9 мамыр — Жеңіс күні аталып өтеді. Сонымен қатар, 27 мамырда Ұлық мерекелердің бірі – Құрбан айт басталады.

Лаура Бабас