Егістікті залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде

602
егістік алқабы залалсыздандырылып жатыр

Шегірткемен күреске деп республикадан әкелінген дәрілердің нәтижелі болатынына күмән жоқ. Бірінші залалсыздандыру жұмысынан кейін-ақ, шегірткелердің жартысынан көбі өлсе, қалғандары екі күнде жоқ болады. Залалсыздандыру жұмыстарына қызу кіріскен топ, 123 гектар егіндікті 16-мамырға дейін дәрілеп шығуды жоспарлап отыр.

егістік алқабы залалсыздандырылып жатыр
егістік алқабы залалсыздандырылып жатыр

Өйткені егіндікте зиянды жәндіктер көбейе бастаған. Егер екі күн кешіксе, олар қанаттанып, егіндік жерді жайпайды деп отыр. Мұндай жұмыстар Арыс, Отырар, Шардара, Сарығаш аудандарыда жүргізіліп жатыр.

Биыл шегіртке болмайды дейді мамандар
Биыл шегіртке болмайды дейді мамандар

Темірхан Елғонов, Облыстық аумақтық инспекциясының бөлім бастығы: «Барлық техникаларды пайдалана отырып, залалсыздандыру жұмыстарын барынша сақтықпен жүргізіп жатырмыз. Қолданып жатқан дәрілердің қоршаған ортаға ешқандай зияны да жоқ. Республикалық бюджеттен де қомақты қаржы бөлінген. Мамырдың алғашқы екі аптасында 123 гектарды толықтай залалсыздандырып боламыз деп жоспарлап отырмыз».

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=j6zgepNY3A0[/youtube]