Úı ANONS Шегірткеге қарсы күрес күшейді

Шегірткеге қарсы күрес күшейді

Түркістан облысында шегірткемен күрес күшейді. Зиянкестер қаптаған алқаптар анықталып, залалсыздандыру жұмыстары қарқын алды. Қауіпті аймақтар қайда? Қандай шаралар қолға алынды? 

 

Түркістан обысында шегірткемен күрес  күшейді. Залалсыздандыру жұмысы тоқтаусыз жүріп жатыр. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен мәжілісте айтылды. Фитосанитариялық ахуалды тұрақты сақтау мақсатында арнайы штаб құрылған. Шегірткеге қарсы күрес картасы әзірленген.

Зиянкестерді жоюға арналған жЖедел штаб Келес ауданы Бірлік ауылдық округінде орналасқан. Мемлекеттік сатып алу жұмысы аяқталған, мердігер анықталған. Облыс әкімі мұндайда босаңсуға болмайтынын қадап айтты.

 

  Шегірткемен күресте химиялық өңдеудің орны зор. Әсіресе препараттардың сапасын қадағалау маңызды.  Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының дерегінше, биыл  1 миллион гектардан астам аумақта мониторинг жүргізу жоспарланған. Қазір оның алпыс пайыздан астамы зерттелген. 

Нәтижесінде 180 мың гектардан аса жерде шегірткенің шектен көп екені анықталған.  Әсіресе Сарыағаш және Келес ауданында қауіпті аймақтар бар. Зерделеу жұмысына 6 жүзге тарта маман тартылған.

Дилара Иса